Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Калориясы аз «Қара қарақат» джемі

Калориясы аз Energy Life джемдері тәттіқұмар жандар мен дұрыс тамақтануды әдетке айналдырған, дегенмен тәттіден бас тартқысы келмейтін адамдарды қуантары сөзсіз. Қара қарақаттың дәмі саяжайдағы күншуақты, бақытты әрі уайымсыз күндерді еске салады. Джемді ботқаға, сүзбеге, йогуртқа немесе ыстық тостыларға қосып, әр таңыңызды қуанышқа бөлеңіз. Әр джем құтысының 50%-дан астам бөлігін жеміс-жидек құрайды, демек әр құтыда 125 г піскен қара қарақат жидектері бар, ал 100 г өнімде бар болғаны 28 ккал. Қант қосылмаған. Шектеулі серия. 

250 г-дық құты

Ресейде шығарылған

250 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Шектеулі серия! Калориясы аз бұл джемдер тамақтану үрдісін қадағалап, пайдалы тәттілер жегенді құп көретіндер үшін арналып жасалған. Джемге қант қосылмаған, табиғи жеміс-жидектерден жасалған. Құрамы тек дәрумендер мен пайдалы заттарға бай табиғи ингредиенттерден тұрады. Тост, құймақ немесе ботқаға сүйікті джеміңізді сәл қосып жіберсеңіз, таңғы асыңыз ғажап дәмді болады. 5 түрлі жеміс-жидектің дәмінен құралған коллекция таңғы, түскі және кешкі асыңызға ерекшелік қосуға мүмкіндік береді.

Жемістер – дәрумендер мен пайдалы заттардың берекелі көзі. Әрдайым жеміс жеп жүрсе, адамның иммунитеті күшейіп, ағзаның вирустық аурулар мен тұмауға қарсы тұру қабілеті артады. ​
Жидектер – ағзаға қажетті жасунық пен фолий қышқылының көзі.
Пектин – барлық көкөністер мен жемістердің құрамында болатын табиғи сорбент. Energy Life ​джемдеріне табиғи алма пектині қосылады, ол ағзадағы холестерин мөлшерін азайтып, зиянды заттардан тазартады. 
Стевия – табиғи тәттілендіргіш, қанттан он есе тәттірек, калориясы нөлге тең. Ағзаға түскенде қант секілді оған бос көмірсулар толтырмайды. 
Сукралоза – адам ағзасына қауіпсіз тәттілендіргіш, қанттан 600 есе тәттірек. Ағзаға сіңбейді, демек қалориялылығы нөлге тең. 
Лимон қышқылы – тамақ өнеркәсібінде өнім ішінде микроағзалардың өсуін тежеу үшін қолданылатын танымал антиоксидант. Ас қорытуды жеделдетеді, зат алмасуды жақсартады, салмақ тастауға көмектеседі.

Кімдерге арналған?

  • Пайдалы десерт жеп, өзін еркелеткісі келетіндерге.
  • Денсаулығы мен салмағын қадағалап жүретіндерге.
  • Тәттіден бас тарта алмайтындарға.
  • Рационына ерекшелік қосқысы келетіндерге.
  • Қант қосылмаған.
  • Өнім сапасы қатаң бақыланады.
  • Қауіпсіз құрам және сапалы ингредиенттер.
  • Үйлесімді дәм және калориясы аз.
  • Құрамында табиғи дәрумендер мен антиоксиданттар бар.
  • Күн сайын жеуге арналған үлкен дәмдер таңдауы.
  • Вегетариандарға да қолдануға болады.

Қара қарақат, су, қоюландырғыш: табиғи алма пектині, тәттілендіргіштер: сукралоза, стевия сығындысы (стевиозид), қышқылдықты реттегіш: лимон қышқылы, кальций цитраты (сіңірілетін кальцийдің көзі), табиғи «Қара қарақат» хош иістендіргіші, консервант: калий сорбаты, табиғи бояғыш: кармин. 

Тағамдық құндылығы

100 г-да

Ақуыздар, г

1

Майлар, г

0

Көмірсулар, г

6

Энергетикалық құндылығы, ккал (кДж)

28 (117)

Өнім пайдалануға дайын. 

Қарсы көрсетімдер: өнім құрамындағы ингредиенттерді көтере алмау.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз