Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Бадам қосылған құрма батончигі

Нағыз пайдалы тәттілерді бағалайтындарға арналған құрма мен бадамның тәбет ашар ерекше үйлесімі. Құрманың ерекше тәттілігінің нәзік бадам дәмінде қалай еритінін байқап көріңіз. Басқа ештеңеге теңеуге келмейтін бұл дәм ұзақ уақыт есіңізден кетпейді әрі осы батончикті көптеген тәттілердің арасындағы фаворитіңізге айналдырады. 

Нетто массасы: 40 г

Ресейде шығарылған

50
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Energy life құрма батончиктері – кәмпиттер мен дәстүрлі тәттілердің пайдалы баламасы. Құрамында табиғи қанттың мөлшері көп болғандықтан, құрма тәттіқұмарлықты басып, бойыңызға сарқылмас күш-қуат береді. Өнімнің құрамында пайдалы заттардың мөлшері мол, олар: протеиндер, минералдар, дәрумендер, амин қышқылдары, пектиндер мен өсімдік талшықтары, мұның бәрі адамның өзін-өзі жақсы сезініп, иммунитетін нығайтуына аса қажет. Барынша пайдалы болу үшін, күніне 5-7 құрмадан асырмай жеген дұрыс. Бір Energy Life батончигіне дәл осынша мөлшердегі құрма қосылған. Energy life құрма батончиктері – күні бойына сақталатын жемістер қуаты.

Кімдерге арналған?

  • Тез арада күш-қуат жинағысы келетіндерге
  • Тәттіқұмар жандарға
  • Пайдалы аспен жүрек жалғағысы келетіндерге
  • Табиғи дәрумендер іздеп жүргендерге
  • Вегетариандарға
  • Тек қана табиғи компоненттер. Барынша аз термиялық өңдеу мен жоғары сапалы какао-майды қолдану технологиясы өнімдердің нағыз дәмі мен сапасын консерванттарсыз сақтауға мүмкіндік береді.
  • Құрамында кептірілген жемістердің мөлшері көп. Әр батончиктің 98%-ы жаңадан жиналған әрі мұқият таңдалған жеміс-жидектерден тұрады.
  • Табиғи дәрумендер мөлшері барынша сақталады. Energy life батончиктерінің құрамында – табиғи жолмен піскен жеміс-жидектер (ГМА мен химикаттарсыз). Иран жерінде өскен құрмалар кепкен бойда жиналады, сондықтан оларды аса өңдеудің қажеті болмайды. Әлсіз температурада әзірлеу арқылы өнім құрамындағы пайдалы заттар барынша сақталып қалады.
  • Нағыз табиғи қанттардың максималды мөлшері. Ұқыптап әзірлеу арқылы (қайнатпай) өнімнің табиғи тәттілігі сақталып қалады. Сондықтан батончиктерді әзірлеудің негізгі технологиясында қант немесе оның алмастырғыштары қолданылмайды (қолданылатын цукаттар мен жеміс қабықтары үшін ғана аз ғана қант мөлшері қосылады).
  • Вегандық тамақтануға қолдануға болады.
  • Ыңғайлы әрі тиімді – жұмыста, мектепте және серуенде жүргенде жүрек жалғап аласың.

Құрма, қуырылған бадам, кептірілген өрік, какао-май

Тағамдық құндылығы

100 г-да

1 батончик 40 г-да

Ақуыздар, г

6,5

2,5

Майлар, г

11

4,5

Көмірсулар, г

55

23

Калориялығы, ккал (кДж)

350 (1460)

150 (610)

Өнім толықтай пайдалануға дайын. 

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. Табиғи өнімдердің құрамында сүйек бөліктері болуы мүмкін.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз