Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Дала құлпынайы мен банан қосылған жемісті батончик

Шырынды орман құлпынайы мен нәзік бананның айрықша үйлесімі ағзаға дәрумендер жеткізіп, жылдың суық мезгілдерінде көңіл күйіңізді көтеріп жүреді. Маусымдық жидектен әзірленген шектеулі партия. Жұпар иісті құлпынай мен банан дуэті – жеңіл әрі ұстамды тәттілігімен таң қалдыратын, бала күннен таныс дәм. Жаздың дәмін татуға асығыңыз!

Нетто массасы: 30 г

Ресейде шығарылған

50 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Дала құлпынайы мен банан қосылған Energy Life жемісті батончигі – қарын ашу сезімін басатын әрі иммунитетті нығайтатын пайдалы да өте дәмді ас. Құрамының 96%-ы – кептірілген жеміс-жидектер. Батончик ағзаға қажетті дәрумендер, микроэлементтер мен жасуныққа бай. Joyfield – нағыз күннің астында піскен жеміс-жидектердің табиғи дәмі. 

Кімдерге арналған?

  • Пайдалы аспен жүрек жалғағанды ұнататындарға.
  • Қант қосылмаған тәттілерді жақсы көретіндерге.
  • Табиғи дәрумендер іздеп жүргендерге.
  • Балаларға, вегетариандарға, вегандарға.
  • Құрамында кептірілген жемістердің мөлшері көп. Әр батончиктің 98%-ы жаңадан жиналған әрі мұқият таңдалған жеміс-жидектерден тұрады.
  • Дүкендегі жемістерге қарағанда әлдеқайда пайдалырақ. Energy Life батончиктерінің құрамында – тек қана табиғи жолмен піскен, өсіп-өнген жерге жақын маңда өңделген (ГМА мен химикаттарсыз) жеміс-жидектер.
  • Минимум фруктоза. Ұқыптап әзірлеудің арқасында (қайнатпай) жеміс-жидектердің табиғи тәттілігі сақталып қалады.
  • Диеталық, вегетариандық және жеңіл тамақтануға қолдануға болады.
  • Ыңғайлы әрі тиімді – жұмыста, мектепте және серуенде жүргенде жүрек жалғап аласың.
  • Балаларға да пайдалануға болады. Ақыл-ой белсенділігін арттырып, иммундық жүйені жақсартады.

Банан езбесі, жаңа мұздатылған дала құлпынайы, кептірілген алма, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), калий сорбаты (консервант).

Тағамдық құндылығы

100 г шаққанда

1 батончик 30 г-да

Калориялығы, ккал (кДж)

230 (960)

70 (290)

Ақуыздар, г

2,5

1

Майлар, г

0,4

0,1

Көмірсулар, г

53

16

Өнім толықтай пайдалануға дайын. Тамақтың калориясын азайту үшін пайдалануға болады.

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз