Старая версия сайта

Перейти
Energy Life

Clean skin drops функционалды кәмпиттері

Таза тері

Барлық тәттіқұмарлардың арманы орындалды: кәмпит жеу енді зиян емес, керісінше пайдалы! Smart Sweets функционалды кәмпиттері – пайдалы өсімдік сығындылары, дәрумендер мен минералдарға негізделген, ақылды формула бойынша әзірленген хош иісті, гүлді дражелер. Денсаулық пен сұлулық бұған дейін ешқашан осыншалық қолжетімді болған емес. Оған жетуге тәп-тәтті шие татитын осы функционалды кәмпиттер көмектеді. Кәмпиттің белсенді формуласы теріңізді күшті антиоксиданттық қорғанышпен қамтамасыз етіп, безеудің шығуына тосқауыл қояды. 

12 дана

Ресейде өндірілген 

100 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Безеу шығып, теріңіз бөртіп мазалай ма? Онымен күресуге Clean skin drops – ​«Таза тері» кәмпиті көмектеседі. Оның құрамындағы анар сығындысы коллагеннің өндірілуіне септесіп, теріні қоректендіріп, ылғалдандырады. ​Қызыл жүзім жапырақтарының сығындысы күшті антиоксиданттық әсер беріп, теріні қоршаған ортаның агрессивті әсерінен жасушалық деңгейде қорғайды, түйежапырақ тамырының сығындысы мен мырыш цитраты терінің қызарып, тітіркенуі және безеу туралы мәңгілік ұмытуға көмектеседі. Ақылды кәмпиттер – майда мәселелерді шешетін дәмді құрал!

Кімдерге арналған?

  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанын қалайтындарға. 
  • Терісінің таза әрі әдемі болғанын қалайтындарға. 
  • Терісі сезімтал жандарға. 
  • Теріні ішінен қоректендіріп, ылғалдандырады. 
  • Терінің жасушалық деңгейде қалпына келтіреді. 
  • Теріні қоршаған ортаның агрессивті әсерінен қорғайды. 
  • Бөртпе мен безеудің пайда болып, дамуының алдын алады. 
  • Табиғи белсенді компоненттер. 
  • Консерванттарсыз, жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштерсіз. 

Сорбит тәттілендіргіші, қышқылдықты реттегіш, лимон қышқылы, анар сығындысы, тығыздалып, түйіршектеліп қалуды болдырмайтын қоспалар: магний стеараты, кремний диоксиді: табиғи хош иістендіргіштерге жақын хош иістендіргіштер, «апельсин», «ананас»; тәттілендіргіштер: ксилит, сукралоза; мырыш цитраты, «қызыл қызылша шырыны» табиғи бояғышы. 

  • Анар сығындысы коллагеннің табиғи түрде өндірілуіне септесіп, теріні тереңнен ылғалдандырып, дәрумендермен қоректендіреді, липидті тосқауылды қалпына келтіреді, антисептикалық әсер береді, терінің сұлулығы мен тазалығын сақтауға көмектеседі. 
  • Қызыл жүзім жапырақтарының сығындысы – ​нағыз сұлулық элексирі, теріні жасушалық деңгейде қалпына келтіріп, дәрумендерге қанықтырады, қоректендіреді, антиоксиданттық әсер береді, агрессивті ортадан (көк экраннан) ішінен қорғайтындықтан, теріні құрғап кетуден және тітіркенуден сақтайды.
  • Түйежапырақ тамырының сығындысы – ​табиғи күшті антиоксидант, зат алмасуды тұрақтандырады, қабынуға қарсы әрекет етеді, май бездерінің секрециясын реттейді, сондықтан қызарулар мен бөртпелердің пайда болуының алдын алады. Түйежапырақ тамырының құнарлы емдік қасиеттері безеу, тітіркену, қабыну және бөртпе мәселелерін шешуде бұрыннан қолданылып келе жатыр. 
  • Мырыш цитраты терінің жалпы ахуалы мен ерекшеліктеріне жағымды әсер етеді, оны жібектей жұмсақ әрі созылғыш етеді, ол май қышқылдарын өңдеу процесіне белсенді түрде қатысатындықтан, жасушалар регенерациясына ықпал етеді, гормондар теңгерімін бақылап, безеу мен бөртпенің шығуына тосқауыл қоятын белгілі бір заттарды өндіреді.

Күнделікті қолдануға болады. Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, жүкті және бала емізетін әйелдердің қолданбағаны жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз