Старая версия сайта

Перейти
Energy Life

Appetite control drops функционалды кәмпиттері

Тәбетті қадағалау

Барлық тәттіқұмарлардың арманы орындалды: кәмпит жеу енді зиян емес, керісінше пайдалы! Smart Sweets функционалды кәмпиттері – пайдалы өсімдік сығындылары, дәрумендер мен минералдарға негізделген, ақылды формула бойынша әзірленген хош иісті, гүлді дражелер. Тропикалық жемістердің дәмі татитын функционалды кәмпиттер үш бағытта жұмыс істейді: тәбетті басады, тәттіқұмарлықты қойдырады және зат алмасуды жеделдетеді. Дәмді әрі қолайлы арықтауға көмектеседі!

12 дана

Ресейде өндірілген 

100 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Тамақты аз жеп, зат алмасуды жеделдеткіңіз келе ме? Ендеше Appetite control drops – «Тәбетті қадағалау» дәл саған арналған! Құрамындағы камбоджиялық гарциния мен худия гордони сығындылары секілді табиғи өсімдік компоненттерінің арқасында функционалды кәмпиттер қарын ашу сезімін басып, тамақ ішу мезгілінің арасын арттыруға және тамақтың мөлшерін азайтуға көмектеседі. Хром пиколинаты тәттіқұмарлықты басады. Бұл кәмпиттерді күнделікті жеуге болады. 

Кімдерге арналған?

  • Белсенді адамдарға. 
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанын қалайтындарға. 
  • Тамақтануы мен салмағын қадағалауда ұстайтындарға. 
  • Диета ұстап жүргендерге. 
  • Демінің таза болғанын қалайтындарға. 
  • Тәбетті басады. 
  • Тәтті мен ұннан жасалған өнімдерге деген құмарлықты басады. 
  • Зат алмасуды жеделдетеді. 
  • Май жағу процесін белсенді етеді. 
  • Табиғи белсенді компоненттер. 
  • Консерванттарсыз, жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштерсіз. 

Сорбит тәттілендіргіші, қышқылдықты реттегіш, лимон қышқылы, камбоджиялық гарциния сығындысы, худия гордони сығындысы, тығыздалып, түйіршектеліп қалуды болдырмайтын қоспалар: магний стеараты, кремний диоксиді: табиғи хош иістендіргіштерге жақын хош иістендіргіштер, «апельсин», «ананас»; тәттілендіргіштер: ксилит, сукралоза; куркумин табиғи бояғышы, хром пиколинаты. 

Белсенді компоненттер: 

  • Камбоджиялық гарциния қандағы қант мөлшерін тұрақтандырып, жылдам көмірсуларды бұғаттап, оларды бірден энергияға айналдырады, тәбетті реттегіш қызметін атқарады, барлық зат алмасу түрлерін жақсартады, қандағы серотонин мөлшерінің төмен болуынан қомағайланып бақылаусыз тамақ іше беру әдетін басады, холестерин мөлшерінің төмендетеді. 
  • Худия гордони сығындысы құрамындағы тағамдық талшықтардың арқасында тәбетті басатын таңғаларлық ерекшелігі бар. Худия Гордони құрамындағы айрықша компонент – Р57​ тәбет басытқысы «гормоналды» аштықты басып, нағыз қарын ашу сезімін едәуір төмендетеді. Осылайша тұтынылатын астың көлемі еріксіз шектеліп, салмақ өздігінен азая бастайды. 
  • Хром пиколинаты өзінің тәбет пен қарын ашу сезімін басатын айрықша қабілетін танымал. 

Күнделікті қолдануға болады. Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, жүкті және бала емізетін әйелдердің қолданбағаны жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз