Старая версия сайта

Перейти
Energy Life

Granola Crunchy Choco

Шоколад қосылған қытырлақ гранола

Ерекше қытырлақ кранч түріндегі шоколадты граноланың жарқын дәмін татып көріңіз. Нағыз жеміс-жидектер мен жаңғақтар, шоколад пен тұтас дәндердің тамаша үйлесімі күні бойы күш-қуатыңызды тасытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Өнім құрамындағы Superfood complex ішінде чиа дәндері, спирулина мен хлорелла, сондай-ақ алмастырылмайтын, көп қанықпаған қышқылдың көзі болып табылатын кокос майы бар. 

150 гр

Ресейде шығарылған

85 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қытырлақ гранола – жидектер мен жаңғақтар, кептірілген жемістер қосылған, пісірілген көпдәнді қоспа. Бұл – пайдалы таңғы ас немесе тіскебасар ретінде жейтін дәмді, нәрлі әрі тиімді өнім. Гранола табиғатта басқа ешқай жерде кездеспейтін Superfood complex құрамындағы чиа дәндерімен, спирулина мен хлорелламен байытылған. Өнім тек табиғи өсімдік компоненттерінен тұрады, бояғыштар, хош иістендіргіштер, дәм күшейткіштер мен консерванттар қосылмаған. Құрамында ГТА жоқ. Сондай-ақ, қытырлақ гранола дегеніміз: 

  • тұтас дәндер – күрделі көмірсулар, жасунық пен кальцийдің бағалы көзі; 
  • Omega 3,6,9 көзі; 
  • жеміс-жидектер – табиғи дәрумендер көзі; 
  • құрамында жасунық мөлшері көп. 

Кімдерге арналған?

  • Балалар мен ересектерге
  • Денсаулығын күтетін адамдарға
  • Тамақтану әдеті мен салмағын қадағалап жүретін жандарға
  • Белсенді адамдарға
  • Тез жүрек жалғап алғанға үйреніп қалған адамдарға
  • Тамақтану рационына бір ерекшелік қосқысы келетін адамдарға
  • Бір өнімнің құрамында 3 суперфуд: чиа дәндері, спирулина мен хлорелла бар.
  • Тұтас дәндер.
  • Қытырлақтар түрінде.
  • Бояғыштарсыз, хош иістендіргіштер мен консерванттарсыз табиғи құрам.
  • Көп қанықпаған май қышқылдарының көзі (Омега 3,6, 9).
  • Күрделі көмірсулар, жасунық пен кальцийдің көзі. 
  • Құрамында кокос майы бар.
  • Вегетариандықтарға да қолдануға болады.

Сұлы үлпектері, арпа үлпектері, бидай үлпектері, қарабидай үлпектері, үлпек күріш, SUPERFOOD сomplex (чиа дәндері, ұнтақталған спирулина, ұнтақталған хлорелла), қараөрік, ұнтақталған орман жаңғағы, қара шоколад (үгітілген какао, какао майы, какао ұнтағы, қант), табиғи какао ұнтағы, сірне, кокос үгінділері, кокос майы, күріш ұны. 

Тағамдық құндылығы

100 г-да

Ақуыздар

7,2

Майлар

10,7

Көмірсулар

64,4

Энергетикалық құндылығы ккал (кДж)

373 (1 561)

Өнім пайдалануға дайын. Қалауыңызға қарай үстіне сүйікті сусыныңызды құюыңызға болады: сүт, йогурт, шырын. Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз