Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Қара қарақат қосылған жемісті батончик

Жидектерінде С дәруменінің бір күндік нормасы сақталған жұпар иісті қара қарақат бәрімізге бала күнімізден таныс классикалық қышқылтым-тәтті дәмнің үйлесімін сыйлайды. Осы бір пайдалы да тәтті десерттен дәм татуға бас тартпаңыз. 

Нетто массасы: 30 г

Ресейде шығарылған

50
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қара қарақат қосылған Joyfield жемісті батончигі – қарын ашу сезімін тиімді басатын әрі «ақылды» көмірсулардың арқасында энергияны тез қалпына келтіретін пайдалы да өте дәмді ас. Қосымша дәрумендер көзі. Батончик ағзаға қажетті микроэлементтер мен жасуныққа бай. Joyfield – нағыз күннің астында піскен жеміс-жидектердің табиғи дәмі. Жұмыста, мектепте немесе саяхаттап жүргенде жүрек жалғап алатын ас немесе десерт ретінде таптырмас дүние.

Кімдерге арналған?

  • Табиғи тәттілерді жақсы көретіндерге.
  • Табиғи дәрумендер іздеп жүргендерге.
  • Дәмді әрі пайдалы аспен жүрек жалғап алғанды ұнататындарға.
  • Балаларға, вегетариандарға, вегандарға.
  • Құрамында кептірілген жемістердің мөлшері көп. Әр батончиктің 98%-ы жаңадан жиналған әрі мұқият таңдалған жеміс-жидектерден тұрады.
  • Дүкендегі жемістерге қарағанда әлдеқайда пайдалырақ. Energy Life батончиктерінің құрамында – тек қана табиғи жолмен піскен, өсіп-өнген жерге жақын маңда өңделген (ГМА мен химикаттарсыз) жеміс-жидектер.
  • Минимум фруктоза. Ұқыптап әзірлеудің арқасында (қайнатпай) жеміс-жидектердің табиғи тәттілігі сақталып қалады.
  • Диеталық, вегетариандық және жеңіл тамақтануға қолдануға болады.
  • Ыңғайлы әрі тиімді – жұмыста, мектепте және серуенде жүргенде жүрек жалғап аласың.
  • Балаларға да пайдалануға болады. Ақыл-ой белсенділігін арттырып, иммундық жүйені жақсартады.

Табиғи алма езбесі, кептірілген алма, жаңа мұздатылған қара қарақат, фруктоза, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), калий сорбаты (консервант), аскорбин қышқылы (антиоксидант).

Тағамдық құндылығы

 100 г-да

 1 батончик 30 г-да

Ақуыздар, г

1

0,3

Майлар, г

0,2

0,1

Көмірсулар, г

62

18

Калориялығы, ккал (кДж)

250 (1050)

75 (310)

Өнім толықтай пайдалануға дайын. Тамақтың калориясын азайту үшін пайдалануға болады. Қара қарақат қосылған Joyfield жемісті батончигінің құрамында күш-қуатты тез қалпына келтіретін және ағзаны тонуста ұстап тұратын, ағза үшін аса маңызды С дәрумені бар. 

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз