Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Қауын қосылған жемісті батончик

Піскен қауын мәйегінің дәмі мен оның таңғажайып жұпар иісі жазғы жеміс-жидек дәмдерін бағалайтын жандардың сүйікті тәттісіне айналары сөзсіз. Қауынның құрамында алтын мен серотонин деп аталатын бақыт гормонын өндіретін ерекше заттар бар. 

Нетто массасы: 30 г

Ресейде шығарылған

50
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қауын қосылған Joyfield жемісті батончигі – қарын ашу сезімін тиімді басатын әрі «ақылды» көмірсулардың арқасында энергияны тез қалпына келтіретін пайдалы да өте дәмді ас. Қосымша дәрумендер көзі. Батончик ағзаға қажетті микроэлементтер мен жасуныққа бай. Joyfield – нағыз күннің астында піскен жеміс-жидектердің табиғи дәмі. Жұмыста, мектепте немесе саяхаттап жүргенде жүрек жалғап алатын ас немесе десерт ретінде таптырмас дүние.

Кімдерге арналған?

  • Табиғи тәттілерді жақсы көретіндерге.
  • Табиғи дәрумендер іздеп жүргендерге.
  • Дәмді әрі пайдалы аспен жүрек жалғап алғанды ұнататындарға.
  • Балаларға, вегетариандарға, вегандарға.
  • Құрамында кептірілген жемістердің мөлшері көп. Әр батончиктің 98%-ы жаңадан жиналған әрі мұқият таңдалған жеміс-жидектерден тұрады.
  • Дүкендегі жемістерге қарағанда әлдеқайда пайдалырақ. Energy Life батончиктерінің құрамында – тек қана табиғи жолмен піскен, өсіп-өнген жерге жақын маңда өңделген (ГМА мен химикаттарсыз) жеміс-жидектер.
  • Минимум фруктоза. Ұқыптап әзірлеудің арқасында (қайнатпай) жеміс-жидектердің табиғи тәттілігі сақталып қалады.
  • Диеталық, вегетариандық және жеңіл тамақтануға қолдануға болады.
  • Ыңғайлы әрі тиімді – жұмыста, мектепте және серуенде жүргенде жүрек жалғап аласың.
  • Балаларға да пайдалануға болады. Ақыл-ой белсенділігін арттырып, иммундық жүйені жақсартады.

Кептірілген өрік, кептірілген алма, қауын қағы, ананас цукаттары, фруктоза, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), калий сорбаты (консервант), «Қауын» хош иістендіргіші.

Тағамдық құндылығы

 100 г-да

 1 батончик 30 г-да

Ақуыздар, г

2,5

1

Майлар, г

0,4

0,1

Көмірсулар, г

77

23

Калориялығы, ккал (кДж)

290 (1210)

85 (360)

Өнім толықтай пайдалануға дайын. Тамақтың калориясын азайту үшін пайдалануға болады. Қауын қосылған Joyfield жемісті батончигінің құрамында С дәрумені мен фолий қышқылы бар, олар орталық жүйке жүйесіне жағымды әсер етіп, жүрек бұлшықетін тұрақтандырады.

Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз