Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
First Edition

First Edition No Rules

Иіссу

First Edition – болмысыңды сөзсіз жеткізетін хош иістер. Ереже мен шектеулерден ада өз әлеміңді аш! No Rules – сепкен бойда денеңді қоршап, бойыңды билеп, «тентек» болмысыңды іске қосатын, жасыл, ағаш сүректі қоңырқай жұпар иіс.
 

Көлемі 50 мл

Францияда жасалған

4500 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

FIRST EDITION – арнайы NL компаниясы үшін француз парфюмерлері әзірлеген селективті иіссулар топтамасы. No Rules – терең де қоңырқай, жасыл, сүректі жұпар иіс.

Бастапқы реңктер: грейпфрут, жебіршөп, эвкалипт.
Жүрек реңктері: бұрыш, кардамон, кумин, мускат жаңғағы.
Шлейфті реңктер: балқарағай, гваяк ағашы, мүк, пачули.

Кімдерге арналған?

  • Даралықты бағалайтындарға.
  • Әрдайым өзіне адал, дегенмен әркез әртүрлі болып жүргенді ұнататындарға.
  • Өзіне әрдайым ерекше дүние іздеп жүретіндерге.

Селективті парфюмерия деген не? Селективті (ағыл. select – «таңдаулы») – эксклюзивті парфюмерия, оған мынадай қасиеттер тән:

  • сирек кездесетін сапалы компоненттер. Әр композиция «әлемдік иіссу астанасы» аталып кеткен Грасса қаласының парфюмерлері үйлесімді композиция етіп жинақтаған 100 түрлі компоненттен құралған.
  • ерекше, күрделі, дара хош иістер. Хош иіс – адамдар арасындағы тартылыстың негізі. Денеге себілген иіссу әр адамда әртүрлі аңқитындықтан, әркімнің дербестігін көрсете алады. Ер адамның денесінде белгілі бір компоненттер қаттырақ сезілсе, әйел адамның денесінде мүлде басқалары ерекше аңқиды. Иіссу жыл мезгілі, температура және ылғалға қарай сезілу сипатын өзгертеді. Дегенмен қашанда тұрақты әрі әдемі шлейф қалдырады.
  • шлейф қалдыру. Хош иістің шлейфі – қандай да бір әсер қалдырып, тартылыс тудырып, есте қалып қоятын із. Нағыз әдемі шлейф – селективті парфюмерияны масс-маркеттен ерекшелендіріп тұратын зат. Шлейфті реңктер денеге сепкен соң 20-50 минуттан кейін сезіле бастап, бірнеше сағат бойы сақталып тұрады. First Edition хош иістері – толыққанды әрі ұзақ сақталатын шлейфті иістер.

ALCOHOL DENAT., PARFUM (FRAGRANCE), AQUA (WATER), LIMONENE, LINALOOL, CITRAL, GERANIOL, ISOEUGENOL.

Иіссуды қайда себу керек деген сұраққа, Коко Шанель: «Қай жеріңізді өпкенін қаласаңыз, сол жерге себіңіз» деп жауап берген.

Иіссуды білезікке, құлақтың сырға тағатын тұсына, шынтақтың ішіне, мойынның бұғаналар арасындағы ойық тұсына себу керек.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз