Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
First Edition

First Edition Summer On You

Иіссу

First Edition – болмысыңды сөзсіз жеткізетін хош иістер. Бақытты өткізген саяхаттарыңдағы жарқын сәттерді есіңе ал. Summer On You – қызған терідегі күннің жұпары, жаз бен жылудың, саяхаттың хош иісі.

Көлемі 50 мл

Францияда жасалған

4500
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

FIRST EDITION – арнайы NL компаниясы үшін француз парфюмерлері әзірлеген селективті иіссулар топтамасы. Summer On You – гүл мен сүректің жұпар иісіне бай жемісті хош иіс. Чувственный, теплый, с богатым многогранным звучанием. Сезімге батыратын, жылы, көп қырлы хош иіс. 

Бастапқы реңктер: мандарин, кокос, грейпфрут, қауын.
Жүрек реңктері: ақ гүлдер, гардения, ақгүл, иланг-иланг.
Шлейфті реңктер: балқарағай, пачули, жұпар су, бензоин (жылы ванильді-балды реңктер).

Кімдерге арналған?

  • Даралықты бағалайтындарға.
  • Әрдайым өзіне адал, дегенмен әркез әртүрлі болып жүргенді ұнататындарға.
  • Өзіне әрдайым ерекше дүние іздеп жүретіндерге.

Селективті парфюмерия деген не? Селективті (ағыл. select – «таңдаулы») – эксклюзивті парфюмерия, оған мынадай қасиеттер тән:

  • сирек кездесетін сапалы компоненттер. Әр композиция «әлемдік иіссу астанасы» аталып кеткен Грасса қаласының парфюмерлері үйлесімді композиция етіп жинақтаған 100 түрлі компоненттен құралған.
  • ерекше, күрделі, дара хош иістер. Хош иіс – адамдар арасындағы тартылыстың негізі. Денеге себілген иіссу әр адамда әртүрлі аңқитындықтан, әркімнің дербестігін көрсете алады. Ер адамның денесінде белгілі бір компоненттер қаттырақ сезілсе, әйел адамның денесінде мүлде басқалары ерекше аңқиды. Иіссу жыл мезгілі, температура және ылғалға қарай сезілу сипатын өзгертеді. Дегенмен қашанда тұрақты әрі әдемі шлейф қалдырады.
  • шлейф қалдыру. Хош иістің шлейфі – қандай да бір әсер қалдырып, тартылыс тудырып, есте қалып қоятын із. Нағыз әдемі шлейф – селективті парфюмерияны масс-маркеттен ерекшелендіріп тұратын зат. Шлейфті реңктер денеге сепкен соң 20-50 минуттан кейін сезіле бастап, бірнеше сағат бойы сақталып тұрады. First Edition хош иістері – толыққанды әрі ұзақ сақталатын шлейфті иістер.

ALCOHOL DENAT.,PARFUM (FRAGRANCE), AQUA (WATER), LINALOOL, LIMONENE, CITRONELLOL, EUGENOL, BENZYL BENZOATE, BENZYL SALICYLATE,  HYDROXYCITRONELLAL, FARNESOL, GERANIOL, HEXYL CINNAMAL.

Иіссуды қайда себу керек деген сұраққа, Коко Шанель: «Қай жеріңізді өпкенін қаласаңыз, сол жерге себіңіз» деп жауап берген.

Иіссуды білезікке, құлақтың сырға тағатын тұсына, шынтақтың ішіне, мойынның бұғаналар арасындағы ойық тұсына себу керек.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз