Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fineffect

Oxygen экоқұралы

Оттегі қосылған ағартқыш

Оттегі қосылған, кір жууға арналған тиімді ағартқыш. Кетуі қиын дақтардың өзін мата талшығын зақымдамай жоюға көмектеседі. Кір жуатын ұнтақтың тиімділігін арттырып, ақ түсті киімнің өз түсін сақтап қалады. 

650 гр

Ресейде шығарылған

410 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Оттегі қосылған ағартқыш - шай, кофе, жеміс шырыны, қызыл шарап және шөп секілді заттардан қалған әртүрлі дақтармен күресудегі тамаша шешім. Ақ киімді көп рет жуғанның өзінде оның табиғи түсін сақтап қалады. Кірді жібітіп қоятын дербес құрал ретінде де, негізгі кір жуғыш құралдың әсерін күшейткіш ретінде де пайдалануға болады. Матаны бұзбай, дақты ұқыпты кетіреді. Құрамындағы компоненттері қауіпсіз. 

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына бей-жай қарамайтындарға. 
  • Тиімді кір жуғыш құрал іздеп жүргендерге. 
  • Нәтиже шығарғысы келетіндерге. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасы жоғары болуы оны үнемдеуге көмектесетінін түсінетіндерге.
  • Кір жуғыш құралдың әсерін күшейтеді. 
  • Әртүрлі дақтарды тиімді кетіреді. 
  • Оңай шайылады. 
  • Матаның талшықтарын бұзбайды. 
  • Құрамында хлор мен фосфаттар, синтетикалық хош иістендіргіштер, полиэтиленгликолий жоқ. 

>30 % оттегі қосылған ағартқыш, натрий хлориді, 5–15 % натрий сульфаты; <5 % АББЗ, күшейткіш, ЭДТА динатрий тұзы, оптикалық ағартқыш, хош иістендіргіш*.

* өсімдік компоненттеріне негізделген

Әрдайым киімнің затбелгісінде көрсетілген бұйымды жуу және ағарту жөніндегі нұсқаулықты орындаңыз, температуралық режимді сақтаңыз. Бояу шығып кете ме деп күмәндансаңыз, бұйымның көрінбейтін жеріне жуғыш құралды құйып сынап көріңіз. Қолданар алдында ұнтақты араластырып алу керек. 

1 өлшегіш қасық (25 мл) = 30 г

Қолмен/кір жуғыш машинада жуғанда қолдану тәсілі: 

Дақтарды кетіріп, ағартып, жуғыш құралдардың әсерін күшейту үшін, кір жуғыш машинаның 1 жуу цикліне, немесе қолмен жусаңыз, 10 литр жылы суға 1 қасық ағартқыш қосыңыз. 

Бұйымдар қатты ластанған болса, ағартқыш мөлшерін екі есе көбейтіңіз. 

Кірді жібіткенде қолдану тәсілі: 

Жаңа түскен және күнделікті дақтар үшін: 1 қасық ағартқыш пен 3 литр жылы су қосыңыз. 

Кетпейтін және тұрып қалған дақтар үшін: 2 қасық ағартқыш пен 3 литр жылы су қосыңыз. 

Кірді 30 минуттан артық жібітіп қойған жөн. 

Дақтарды кетіргенде қолдану тәсілі: 

1 қасық ағартқышты ыстық суға араластырып, ерітіндіні даққа құйып, 15-20 минутқа қалдырып, сосын таза сумен жуып-шаю керек.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз