Старая версия сайта

Перейти
Fineffect

Sport Gel

Спорттық және мембраналы киімдерді жууға арналған гель

Спорттық және мембраналы киімдер мен аяқ киімдерді, термокиім, қандай бір зат сіңірілген маталар, мамықтан тігілген киімдер мен күртешелерді жууға арналған инновациялық гель. Дақтарды тиімді кетіреді, киімді сол күйінде сақтайды, бактерияға қарсы әсер етіп, иіссіздендіреді. Құрамына қауіпсіз әрі теріні тітіркендірмейтін компоненттер қосылған.

1000 мл

Ресейде шығарылған

470 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Гельдің бактерияға қарсы формуласы спорт және мембраналы киімдер мен аяқ киімдерді жууға таптырмас құрал. Гель кез келген дақ түрін кетіреді, киімнің құрылымы мен пішінін сақтайды, сіңген тер иісін кетіреді, оңай шайылады. Мандарин эфир майы гельге жеңіл әрі нәзік жұпар иіс береді. 

Гельдің құрамында табиғи компоненттер негізіндегі Antibacterial formula FR18 атты ресейлік ғалымдар әзірлеген бірегей формула бар. Бұл — киімді микробтардан қорғап, оған ұзақ уақыттық балғындық сыйлайтын, ұзақ уақытқа әсер ететін, белсенділігі жоғары, заманауи, микробқа қарсы қоспа. Киімді жуған кезде ғана емес, жуып болған соң да ұзақ уақытқа дейін көптеген бактериялардан, көгеруден және тітіркенуден тиімді қорғайды. Адамның денсаулығына жағымсыз әсер етпейді; көзді не теріні тітіркендірмейді және теріге аллергиялық әсер тигізбейді. Гельдің құрамына алюмокалий ашудасы мен апельсин терпендері секілді таза табиғи компоненттер кірген.

Қолмен жуғанда да, кір жуғыш машинада жуғанда да пайдалануға болады.

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына бей-жай қарамайтындарға. 
  • Тиімді кір жуғыш құрал іздеп жүргендерге. 
  • Нәтиже шығарғысы келетіндерге. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасы жоғары болуы оны үнемдеуге көмектесетінін түсінетіндерге.
  • Маталарды бактериялардан қорғайды 
  • Тер иісін кетіреді. 
  • Функционалдық маталардың (мембрана, мамықтан тігілген киімдер, термокиім) қасиеттерін сақтайды. 
  • Мата талшықтарын қорғайды.
  • Оңай шайылады. 
  • Судың кермектігі қандай болса да, белсенді әрекет етеді. 
  • Құрамында хлор мен фосфаттар, синтетикалық хош иістендіргіштер, полиэтиленгликолий жоқ. 

су; <5 % АББЗ*, <5 % БББЗ*, сабын*, фосфонаттар, полимер, ЭДТА тетранатрий тұзы, функционалдық қоспалар, Antibacterial formula FR18, метилхлороизотиазолинон, метилизотиазолинон, хош иістендіргіш**.

* Өсімдік компоненттеріне негізделген.

** Бадам эфир майына негізделген.

Қалпақшаны өлшегіш ыдыс ретінде пайдалануға болады (Қалпақшаның сыйымдылығы = 60 мл, ½ қалпақша – 30 мл).

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Қолдану тәсілі

Ластану деңгейі 

Кір жуғыш машина

Болмашы

Орташа

Қатты

Судың кермектігі

25-30 мл

30-50 мл

50-70 мл

Судың кермектігі:орташа

30-40 мл

40-50 мл

70-100мл

Судың кермектігі:қатты

50-60 мл

60-80 мл

100-120 мл

Қолмен жуу

10 литр суға 30-50 мл

Сіздің тұрғылықты жеріңіз