Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fineffect

Active Conditioner

Әмбебап кондиционер

Бадамның нәзік жұпар иісі қосылған әмбебап кір жуғыш кондиционер. Матаның табиғи жұмсақтығы мен балғындығын сақтай отырып, түстерін бұзбайды, кір жуғаннан кейін оны үтіктеуді жеңілдетеді. Киім матасын түйірленіп кетуден сақтайды, мата талшықтарын қорғайды, заттардың қызмет ету мерзімін ұзартып, олардың пішінін өзгертпей сақтайды. Киімнің электрленуін басатын антистатик-формуласы бар. Құрамындағы компоненттер қауіпсіз, теріні тітіркендірмейді. 

1000 мл

Ресейде шығарылған

310 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Кондиционердің жұмсақ формуласы барлық бұйым түрлеріне жарай береді, ол кірді жұмсартып, мата талшықтарындағы жағымсыз иістерді бейтараптандырады. Бұйымның түсін сақтап, заттарға жұмсартып, балғын етеді. Концентрацияланған формуланың арқасында кондиционер өте үнемді жұмсалады. Оны қолмен кір жуғанда да, кір жуғыш машинада жуғанда да қолдануға болады. Құрамында статикалық кернеуді басып, кір үтіктеу процесін жеңілдететін антистатик-формула бар. 

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына бей-жай қарамайтындарға. 
  • Тиімді кір жуғыш құрал іздеп жүргендерге. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасы жоғары болуы оны үнемдеуге көмектесетінін түсінетіндерге.
  • Ақ, қара және түрлі түсті кірлерді жуады. 
  • Кез келген, тіпті күрделі дақтарды да кетіреді. 
  • Мата талшықтарын жұмсартып, оларды қорғайды. 
  • Үнемді жұмсалады.
  • Оңай шайылады. 
  • Судың кермектігі қандай болса да, белсенді әрекет етеді. 
  • Құрамында хлор мен фосфаттар, синтетикалық хош иістендіргіштер, полиэтиленгликолий жоқ. 

су, 5–15 % КББЗ композициясы, <5 % глицерин, полимер, метилхлороизотиазолинон, метилизотиазолинон, хош иістендіргіш*.

* Бадамның эфир майына негізделген.

Қалпақшаны өлшегіш ыдыс ретінде пайдалануға болады (Қалпақшаның сыйымдылығы = 60 мл, ½ қалпақша – 30 мл).

Қолданар алдында құтының ішіндегіні жақсылап сілкіп жіберу керек. Кірді шаяр алдында кір жуғыш машинаның арнайы бөліміне 30-50 мл кондиционер құйыңыз немесе қолмен жусаңыз, кірді шаяр алдында суға қосыңыз. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз