Старая версия сайта

Перейти
Fineffect

Gloss Tablets экоқұралы

Ыдыс жуғыш машинаға арналған таблеткалар

Ыдыс жуғыш машиналарға арналған, қабығы еритін экотаблеткалар ең қатты сіңіп қалған дақтардың өзін кетіреді. Құралдың тиімді формуласы бірден бірнеше бағытта әрекет етеді: тазартады, суды жұмсартады, шаяды, тот баспайтын болат пен әйнекті жылтырады. Сумен толық шайылып кетеді. 

Массасы: 468 г

Әрқайсысы 18 г-нан 26 таблетка

Данияда шығарылған

500 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бірегей экоформула сіңіп қалған дақтарды керемет кетіріп, ыдыс жуғыш машинаның ішін майдан тазартады. Бұл – бір өзінің бойына 3 құралдың күшін жиған, сіздің ыдысыңызды тазартып, жылтыратып, жарқырататын тиімді де қауіпсіз құрал. Ол бактерияларды жойып, олардың көбеюін болдырмай, отбасыңызға қамқор болады. Бұл құрал ыдыс бетіне ешқандай дақ пен із қалдырмай, толық шайылады. 

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына қамқор жандарға. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Кір жуғыш және тазартқыш құралдардың құрамына мән беретіндерге.
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасының жоғары болуы, оны үнемдеуге көмектесетінін білетіндерге. 
  • Күйген тамақ секілді күрделі дақтарды бір жуғаннан кетіреді
  • Салқын және кермек суда жуғанның өзінде нәтиже береді
  • Қақтың түзілуіне бөгет жасайды
  • Шаю барысында сумен толықтай шайылып кетеді
  • Дақтар мен іздер қалдырмайды, әйнекті қарауытпайды
  • Жағымсыз иістерді бейтараптандырады
  • Құрамында белсенді оттегі бар
  • Таблетка суда толықтай еріп кетеді
  • Құрамында хлор, фосфаттар, агрессивті ББЗ, SLS, бояғыштар мен хош иістендіргіштер жоқ

5-15% оттекті ағартқыш агент, <5% поликарбоксилаттар, <5% бейионогенді ББЗ, <5% энзимдер.

Ыдыстағы тамақ қалдықтарын алып тастап, машинаға салыңыз. Таблетканың қабығын алмай, жуғыш құралдар салатын мөлшерлегіш бөлімге салыңыз. Ыдыс жууға қажетті бағдарламаны таңдап, машинаны қосыңыз. 

Толық бір рет жуғанға 1 таблетка. 

Таблетканың қабығын алмаңыз. 

Ескерту! Жоғары температураға шыдамайтын хрусталь, антиквариат, алюминий және шойыннан жасалған бұйымдарды, пластикті, асыл және жартылай асыл тастар мен металдардан жасалған әшекейлері бар ыдыстарды, өрнектер мен ағаш элементтері бар ыдыстарды ыдыс жуғыш машинада жумаған жөн. Автоматты ыдыс жуудың алдында бұйымда көрсетілген рұқсат белгісі мен машина өндірушісінің нұсқаулығын қараңыз. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз