Жаңа интернет-дүкен ұнады ма?

Пікір қалдыру Ескі нұсқа
Fineffect

Textile Delicate

Нәзік маталарды жууға арналған биоқұрал

Нәзік маталарды жууға арналған биоқұрал жүн, жібек және трикотаж бұйымдарды тиімді әрі ұқыпты жуып, пішінін сақтап, түйірлердің пайда болуын болдырмайды.

  • Көлемі: 500 мл
  • Австрияда жасалған
830 ₽
410 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Textile Delicate – табиғи компоненттер негізінде жасалған сұйық кір жуғыш құрал. Аса ұқыпты жууды қажет ететін нәзік маталардың отырып не кеңейіп кетуін болдырмай, қажетті күтім көрсетіп жуады.

  • Гипоаллергенді. 
  • Үнемді.
  • Адамға да, табиғатқа да қауіпсіз. 

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына бей-жай қарамайтындарға. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Кір жуатын және үй жинайтын құралдардың құрамына мән беретіндерге.
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасы жоғары болуы оны үнемдеуге көмектесетінін түсінетіндерге.
  • Соя протеиндері талшықтарды қорғап, түйірлердің пайда болуын болдырмайды, киімдердің түсін сақтайды
  • Сабын жаңғақ, сабын тамыр және қантты ББЗ-ға негізделген табиғи құрам
  • Теріге қауіпсіз, толықтай шайылып кетеді
  • Экологиялық таза: табиғатта толығымен ыдырайды
  • Үнемді: бір рет кір жуғаныңыз 125 теңгеге шығады
  • Еуропалық сапа. Әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес келеді

Су, сабын жаңғақ сығындысы**, сабын тамыр сығындысы**, биоэтанол**, калий сорбаты, натрий бензоаты, гуара шайыры**, лимон қышқылы, қантты ББЗ, бадам эфир майы**, соя протеинінің изоляты, линалоол***, лимонен***.

**органикалық компонент, органикалық егіншілік нормаларына сәйкес өндірілген

***табиғи эфир майының табиғи компоненті

Кірді түстері, мата түрі және ластану деңгейіне қарай іріктеп алыңыз. 

  • Кір жуғыш машинада жусаңыз: аз ғана ластанған болса – ұнтақ салатын негізгі бөлікке немесе арнайы кондиционер құятын бөлікке 20 мл (1/2 қалпақша), орташа ластанса – 40 мл (1 қалпақша), қатты ластанса – 70 мл (1+3/4 қалпақша) құйыңыз. 
  • Қолмен жусаңыз, 10 л суға 20 мл (1/4 қалпақша) қосыңыз.

Ұқыпты жууды қажет ететін нәзік маталарды (жүн, жібек, синтетика, шілтер, зығыр, кашемир, барқыт, шифон және т.б.) жууға жарайды. 

 40 °С-қа дейінгі температурада және кермектігі кез келген деңгейдегі суда жуған тиімді.

Ақ, қара және түрлі түсті заттарды бірге жумаңыз, әйтпесе олардың бояуы шығып кетуі мүмкін.

Жүннен тоқылған заттардың қылшықтары басқа заттарға жабысып қалмас үшін, оларды бөлек жуған абзал. 

Өнім құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмайтын жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз