Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fineffect

Textile Color&Black

Қара және түрлі түсті маталарды жууға арналған биоқұрал

Қара және түрлі түсті маталарды жууға арналған биоқұрал салқын кермек судың өзінде кетпейтін қатты дақтарды еңсере алады. Матаның түсі мен құрылымын сақтайды.

  • Көлемі: 1500 мл
  • Австрияда шығарылған
410 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Сипаттама: Textile Color&Black – қара және түрлі түсті заттардың түсінің оңып кетуін болдыртпайтын табиғи сұйық құрал. Сүйікті киім-кешегіңіздің жаңа түрін көпке дейін сақтап қалады. Қолмен жуғанда да, кір жуғыш машинада жуғанда да қолдануға болады. 

  • Гипоаллергенді. 
  • Үнемді.
  • Адамға да, табиғатқа да қауіпсіз. 

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына бей-жай қарамайтындарға. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Кір жуатын және үй жинайтын құралдардың құрамына мән беретіндерге.
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасы жоғары болуы оны үнемдеуге көмектесетінін түсінетіндерге.
  • Кірді тиімді кетіріп, матаның түсін сақтайды. Дақ қалдырмайды
  • Сабын жаңғақ, сабын тамыр және қантты ББЗ-ға негізделген табиғи құрам
  • Теріге қауіпсіз, толықтай шайылып кетеді
  • Балалар киімін жууға болады
  • Экологиялық таза: табиғатта толығымен ыдырайды
  • Үнемді: бір рет кір жуғаныңыз 125 теңгеге шығады
  • Еуропалық сапа. Әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес келеді

Су, сабын жаңғақ сығындысы**, сабын тамыр сығындысы**, биоэтанол**, калий сорбаты, натрий бензоаты, гуара шайыры**, лимон қышқылы, қантты ББЗ, мандарин эфир майы**, лимонен***

**органикалық компонент, органикалық егіншілік нормаларына сәйкес өндірілген

***табиғи эфир майының табиғи компоненті

Кірді түстері, мата түрі және ластану деңгейіне қарай іріктеп алыңыз. 

  • Кір жуғыш машинада жусаңыз: аз ғана ластанған болса – ұнтақ салатын негізгі бөлікке немесе арнайы кондиционер құятын бөлікке 20 мл (1/2 қалпақша), орташа ластанса – 40 мл (1 қалпақша), қатты ластанса – 70 мл (1+3/4 қалпақша) құйыңыз. 
  • Қолмен жусаңыз, 10 л суға 20 мл (1/4 қалпақша) қосыңыз.

Қара және түрлі түсті маталарды (мақта, деним, сәтен, микроталшық және т.б.) жууға жарайды. 

 90 °С-қа дейінгі температурада және кермектігі кез келген деңгейдегі суда жуған тиімді.

Өнім құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмайтын жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз