Старая версия сайта

Перейти
Fineffect

Optics экоқұралы

Көзілдірік пен мониторлар күтіміне арналған құрал

Көзілдіріктер мен мониторларды ұқыптап күтуге арналған, құрамында нанобөлшектері бар экоқұрал. Әйнекпен де, поликарбонаттармен де мінсіз үйлеседі. Антибликті және қорғаныш жабынын сақтай отырып, ұқыптап тазартады. 

  • Көлемі: 350 г
  • Германияда жасалған
310 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Optics – тазартуды қажет ететін оптика, мониторлар мен дисплейлерге деген жаңа, айқын көзқарас. Ұқыптап күтуді қажет ететін барлық беттер, соның ішінде фото және видео-техника беттеріндегі сыртқы ластанулар мен саусақ іздерін кетіреді. Жанаспалы линзаларды тазалауға қолдануға болмайды. 

  • Компоненттердің инновациялық құрамының арқасында тамаша нәтиже береді. 
  • Құрамында зиянды заттар жоқ. 
  • Антистатикалық әсер береді.

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына қамқор жандарға. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Кір жуғыш және тазартқыш құралдардың құрамына мән беретіндерге.
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасының жоғары болуы, оны үнемдеуге көмектесетінін білетіндерге. 
  • Құралдың инновациялық құрамы үйдегі техникалар мен кәсіби оптика беттеріндегі барлық ластарды тиімді кетіреді 
  • Із қалдырмайды
  • Антибликті және қорғаныш жабынын сақтайды. Құрамында еріткіштер жоқ
  • Антистатикалық және кір жолатпайтын қорғаныш қабатын түзеді
  • Адамдар мен жануарларға мүлде қауіпсіз. Дерматологиялық тестілеуден өткен
  • Спрей түріндегі орамасы ыңғайлы әрі үнемді
  • 99%-ға ыдырайды. Ғаламшарды сақтайды, жан-жануарларға тестілеу жүргізілмейді. Ecolabel мақұлдаған
  • Еуропалық сапа. Әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес келеді

Құрамы: Аниондық ББЗ <5%, бейионогенді ББЗ <5%, 1-метокси-2-пропанол <5%, изопропанол <5%, майландырғыш <5%, консерванттар, хош иістендіргіш қоспа, лимонен.

Оптикалық беттер, CD мен DVD-дискілерді тазалау үшін: тазартқыш құралды тазалайтын бетке сеуіп, 10-15 секундтан соң қылшықсыз майлықпен күш түсірмей жайлап сүртіп шығыңыз. 

Монитор, теледидар және плазмалық панельдер, ұялы телефондар мен навигациялық жүйелердің дисплейлерін тазалау үшін: тазартқыш құралды қылшықсыз майлыққа сеуіп, тазалайтын бетті жайлап сүртіп шығыңыз. 

Көзілдіріктерді аптасына кеміне 1 рет тазалап тұруға кеңес береміз, сонда апта бойы көзілдірікті жай ғана майлықпен сүрте салып, шаң мен саусақ іздерінен оңай тазартасыз. 

Ысқылап сүртпеңіз – ​бұл қорғаныш наноқабатының алынуына әкелуі мүмкін. 

Тоқылмаған материалдардан жасалған қылшықсыз майлықтар (микрофибрадан емес) немесе бір реттік қағаз майлықтарды қолданыңыз. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз