Старая версия сайта

Перейти
Fineffect

Home экоқұралы

Көпфункциялы тазартқыш құрал

Әртүрлі пропорцияда сумен араластырылғанда, бұл сұйық концентрат кең жуғыш құралдар аясын ұсынады. Бұл – көпфункциялы құрал әрі оны кез келген тазалау саласында қолдануға болады. 

  • Көлемі: 350 г
  • Германияда жасалған
730 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Home – барлық тұрмыстық дақ түрлерін оңай әрі тез кетіретін әмбебап тазартқыш құрал. Өзіне және отбасына тек ең үздік өнімдерді таңдағанды ұнататын жандарға таптырмас зат.

  • Жоғары концентрацияланған. Әдеттегі құралдарға қарағанда 8 есе ұзаққа жарайды. 
  • Құрамындағы компоненттері қауіпсіз, уытты емес, «химияның» иісі жоқ. 
  • Үстінен сумен шаюдың керегі жоқ. Сатпақ қалдырмайды.

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына қамқор жандарға. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Кір жуғыш және тазартқыш құралдардың құрамына мән беретіндерге.
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасының жоғары болуы, оны үнемдеуге көмектесетінін білетіндерге. 
  • Көптеген тұрмыстық жиһаздардың беттеріндегі барлық дақ түрлерін, оның ішінде ескі дақтарды да тиімді кетіреді
  • Тиімді. Бір Home құтысы бірнеше жуғыш құралды алмастырады
  • Ақылды үнемдеу. Жоғары концентрацияның арқасында құралдың бір бөтелкесі ұзаққа жетеді
  • Адамдар мен жануарларға 100% қауіпсіз құрам. Қолдың терісін зақымдамайды. Derma Consult мақұлдаған
  • Үйді сирек жинауға мүмкіндік береді. Жиһаз бетіне шаң мен кірді жолатпай, арнайы қорғаныш қабатын түзеді де, басқа жуғыш құралдарға қарағанда тазалықты ұзаққа дейін сақтайды
  • 99%-ға ыдырайды. Ғаламшарды сақтайды, жан-жануарларға тестілеу жүргізілмейді. Ecolabel мақұлдаған
  • Еуропалық сапа. Әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес келеді
  • Қол жуу үшін де пайдалануға болады

Құрамы: аниондық ББЗ <5%, амфотерлі ББЗ <5%, тринатрий нитрилотриацетаты <5%, алкаликалық тұздар <5%, консерванттар.

Қолданылуы: Беттің түрі мен ластану түріне қарай төмендегідей пропорцияларда сумен араластыру керек (неғұрлым қатты ластанса – соғұрлым құрал концентрациясы жоғары):

1:500 (базалық пропорция) – үйді жалпы тазалап шығуға арналған тұрмыстық жуғыш құрал. 

1-ші тәсіл. Құралдың 1 қалпақшасын (10 мл) 5 литр суға құйып, араластырыңыз. Қажет болса, алынған ерітіндіні арнайы бүріккіші бар құтыға құйыңыз. 

2-ші тәсіл. Құтыға 500 мл су құйып, оған шамамен 1 мл (1/10 қалпақша) құралды құйыңыз.

1:10 – никотин шайыры мен сары дақтарды кетіруге, жануарлардың торлары мен контейнерлерін жууға арналған құрал; 

1:5 – кілем жуатын сусабын;

1:3 – үйдің алдын, бақша жиһаздарын, автокөлік доңғалағының дискілерін, спорттық құрал-саймандарды тазартқыш; 

1:2 – майларды, кетпейтін дақтарды, көгерген дақтарды кетіргіш; 

Қажетті пропорцияда сумен араластырып, жиһаздың бетін өңдеңіз, дақтарды кетіріп, таза шүберекпен сүртіңіз. 

Кілемдерге: жөкеге жағып, көпіртіңіз де, дақты өңдеңіз, көбікті ылғал шүберекпен кетіріңіз.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз