Старая версия сайта

Перейти
Fineffect

Dress экоқұралы

Барлық мата түріндегі дақтарды кетіруге арналған экоқұрал

Барлық мата түріндегі дақтарды кетіруге арналған экоқұрал. Ластану түрін анықтап, әртүрлі дақтарды еңсеріп, кетіреді. 

  • Көлемі: 250 мл
  • Германияда шығарылған
510 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Dress – кез келген дақтарды, тіпті түрлі түсті және ұқыпты жууды қажет ететін маталардағы дақтарды кетіретін қарапайым әрі табанды құрал. 15 минуттың ішінде кірді ерітіп, заттарға бастапқы кейпін қайтарады. Дақты дәл сол мезетте өңдесе, тиімді болады. 

  • Күрделі дақтарды оңай әрі тез кетіреді. 
  • Зиянды заттарсыз қауіпсіз құрам. 
  • Матаның құрылымын бұзбайды, ағартпайды.

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына бей-жай қарамайтындарға. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Кір жуатын және үй жинайтын құралдардың құрамына мән беретіндерге.
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасы жоғары болуы оны үнемдеуге көмектесетінін түсінетіндерге.
  • Барлық мата түрлерінің беттеріндегі, жиһаз бен автокөлік қаптарындағы май және ақуыз дақтарын, тот басқан, көгерген дақтарды, және шай мен шырын іздерін тиімді кетіреді
  • Табиғи және синтетикалық маталардың пішінін бұзбай, құрылымын сақтайды
  • Түс ашықтығын сақтайды
  • Адамға да, жан-жануарға да мүлдем қауіпсіз. Дерматологиялық тестілеуден өткен
  • Спрей түріндегі ыңғайлы орама дақтарды оңай әрі ұқыпты тазалауға мүмкіндік береді
  • 99%-ға ыдырайды. Ғаламшарды сақтайды әрі жан-жануарларға тестілеу жүргізілмейді. Ecolabel-мен мақұлданған
  • Еуропалық сапа. Әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес келеді

Құрамы: аниондық ПАВ <5%, амфотерлі ПАВ <5%, натрий карбонаты <5%, тринатрий нитрилотриацетаты <5%, натрий гидроксиды <5%, консерванттар.

  • Құралды даққа жағып, 10-15 минуттай сіңгенін күтіңіз. 
  • Содан соң құралды жөкеге жағып, көпіртіп, дақ түскен жерді сүртіңіз. 
  • Әдеттегідей жуып, шайыңыз. Қажет болса, осы әрекетті қайта қайталаңыз. 
  • Дақты түскен бойда өңдесеңіз, нәтижесі жақсы болады.
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз