Старая версия сайта

Перейти
Fineffect

Brilliance экоқұралы

Әйнек және айна беттеріне арналған

Әйнектен жасалған беттер мен зергерлік бұйымдарға арналған, нанобөлшектер қосылған экоқұрал. Кез келген жылтыр беттердің алғашқы жалтыраған түрін қайтарып, жуады.

  • Көлемі: 250 мл
  • Германияда шығарылған
410 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Brilliance – әйнек, айна және жылтыр беттерді сапалы тазартып, жылтыратуға арналған бірегей сұйық тазартқыш құрал. Бұл құралмен үйіңізді оңай әрі жайлы жинап шығасыз. 

  • Жоғары концентрацияланған. Әдеттегі құралдарға қарағанда 8 есе ұзаққа жарайды. 
  • Құрамындағы компоненттері қауіпсіз, уытты емес, «химияның» иісі жоқ. 
  • Үстінен сумен шаюдың керегі жоқ. Сатпақ қалдырмайды.

Кімдерге арналған?

  • Отбасы мен балаларының денсаулығына қамқор жандарға. 
  • Өткір иістерді ұнатпайтындарға. 
  • Кір жуғыш және тазартқыш құралдардың құрамына мән беретіндерге.
  • Табиғатқа қамқор жандарға. 
  • Өнім сапасының жоғары болуы, оны үнемдеуге көмектесетінін білетіндерге. 
  • Әртүрлі беттердегі 100-ден аса дақтарды да тиімді кетіріп, тазартады
  • Жоғары концентрацияның арқасында үнемді жұмсалады. 1 құты = 1,5 жыл тазалық
  • Адамдар мен жануарларға 100% қауіпсіз құрам. Қолдың терісін зақымдамайды. Derma Consult мақұлдаған
  • Үйді сирек жинауға мүмкіндік береді. Жиһаз бетіне шаң мен кірді жолатпай, арнайы қорғаныш қабатын түзеді де, басқа жуғыш құралдарға қарағанда тазалықты ұзаққа дейін сақтайды
  • 99%-ға ыдырайды. Ғаламшарды сақтайды, жан-жануарларға тестілеу жүргізілмейді. Ecolabel мақұлдаған
  • Еуропалық сапа. Әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес келеді
  • Мінсіз баға мен сапа қатынасы

Құрамы: аниондық ББЗ <5%, бейионогенді ББЗ <5%, изопропанол <5%,метоксиизопропанол <5%, майғындағыш <5%, тұрақтандырғыш <5%,консерванттар, хош иістендіргіш, лимонен.

Әйнек және айна беттерін тазалау: бүріккіші бар ыдысқа 1:10 ара қатынасы сақталған, су қосылған концентратты араластырып, тазалайтын бетке біркелкі жағып, қылшығы жоқ майлықпен сүртіңіз. 

Базалық Brilliance 1:10 пропорциясын алу үшін, құтыға 500 мл су құйып, оған 5 қалпақша Brilliance қосыңыз. 

Зергерлік бұйымдарды тазалау: концентратты шағын ыдысқа құйып, ішіне әшекейлерді салып, 5-10 минутқа қалдырыңыз, сосын жұмсақ шүберекпен сүртіп, жылтыратыңыз. 

Беттерді қатты ысқыламаңыз, әйтпесе қорғаныш наноқабатын бұзып алуыңыз мүмкін. 

Тоқылмаған материалдан жасалған қылшықсыз майлықтар (микрофибрадан емес) немесе бір реттік қолдануға арналған қағаз майлықтарды пайдаланыңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз