Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Enerwood Fashion қарақұмық шайы

Клитория мен раушан қосылған

Біз шайдың сән-салтанаты сақталған ең үздік дәстүрлерді жинап, оны Fashion шайының купаждарында іске асырдық. Fashion шайының иісі де, қанық хош иісі де, ұсынылуы да – бәрі-бәрі әдемі. 

Татар қарақұмығы мен судан раушан гүлінің нәзік реңктерінің батыл да балдай үйлесімі шайға әдемі қою күлгін түс беретін клитория гүлдерімен көмкерілген. 

Қарақұмық шайының компоненттері:

  • Қарақұмық — дәрумендер мен антиоксиданттардың көзі;
  • Судан раушаны (бөрітарақ) — құрамында С дәрумені бар;
  • Бүлдірген — ағзаны әлдендіретін қасиетімен танымал;
  • Клитория — стресті азайтады.

Глютенсіз 

Кофеинсіз

20 қалташа

Ресейде шығарылған

290
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Татар қарақұмығының берекелі дәмі жұпар иісті бүлдірген жапырағымен тамаша үйлеседі. Бұл композицияны судан раушан гүлі мен сусынға керемет қою күлгін реңк беретін экзотикалық клиторияның жапырақтары толықтыра түседі. Әрқайсысы жеке-жеке оралған жібектей жұмсақ қалташалар шай купажының құрылымы мен сұлулығын сақтай отырып, шай шоғырының баппен ашылатын әдемілігін толыққанды сезіну қуанышын сыйлайды. 

Шай компоненттерінің өлшемі дәмнің қанықтығы мен тереңдігі іріжапырақты сұрыптардың үздік үлгілеріне сәйкес келетіндей етіп таңдалған. Сондықтан дәм мен хош иістің мінсіз үйлесіміне бөлену үшін, шайды 4 минуттан аса демдеуді ұсынамыз. 

Кімдерге арналған?

  • Әдемілікті (киімнің, өмірдің, ас пен сусынның) бағалайтындарға. 
  • Сапа мен дәмді бағалайтындарға. 
  • Дәл осы шақты бағалайтындарға. 

Сәнді купаждар мейрамханадағы шай мәдениетінен бастау алады. Fashion шайлары мейрамханадағы шай карталарының ең дәмді шайларынан шабыт алған. Fashion шайы – достарыңызбен кездесіп, кафе мен мейрамханаларда шайдың дәмі мен жұпар иісінен, жалпы атмосферадан ләззат ала отырып ішуге үйреніп қалған дүниеңіз.

Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.

Дербес орама. Шайды орауға таңдалған жеке жұқалтыр конверттердегі жібек қалташалар купаждың құрылымы мен тартымдылығын сақтай отырып, шай шоғырының біртіндеп ашылатын әдемілігіне тамсануға мүмкіндік береді.

Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.

Стильді шай қорабы. Fashion шайы – рахаттанып ішетін және сыйлық ретінде сыйлауға болатын шай.

Құрамы: татар қарақұмығының дәндері, бөрітарақ гүлдері (судан раушаны), бүлдірген (жапырағы), клитория (гүлдері).

Қарақұмық дәндері — дәрумендер мен антиоксиданттардың маңызды көзі. Ағзадан артық сұйықтықты шығарып, зат алмасуды жеделдетуге септеседі.

Судан раушаны (бөрітарақ гүлдері) — дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Шөлді қандырады, ағзаға өмірлік күш-қуат береді. С дәруменінің көзі.

Бүлдірген жапырағы — дәруменнің қайнар көзі. Иммунитетті күшейтіп, тәбетті жақсартып, асқорыту процестерін тұрақтандыруға септеседі. 

Клитория — антиоксиданттық қасиеті бар, тәбетті басады, стресті еңсеруге көмектеседі. Клитория гүлдерінің тұнбасы шайға әдемі қою күлгін түс береді.

Бір шай қалташасын 200 мл қайнаған суда (t ~ 80–90 °C) 4-5 минуттай демдеңіз.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаңыз.

Өнім туралы пікірлер Enerwood Fashion қарақұмық шайы

Сіздің тұрғылықты жеріңіз