Жаңа интернет-дүкен ұнады ма?

Пікір қалдыру Ескі нұсқа
Fashion, Enerwood

Every Oolong

Рейша саңырауқұлағы қосылған «Оолонг» шайы

Композицияның негізін жартылай ферменттелген көгілдір шай құрайды. Ол – Қытайдағы ең үздік он сұрыптың біріне жатады, улун шайларының патшасы. Ұзақ ферменттеудің арқасында барлық пайдалы қасиеттерін бойында сақтап қалады. Ондай пайдалы қасиеттерге ағзаны әлдендіретін әрі оған аса пайдалы дәрументтер, минералдар мен микроэлементтер жатады. Дәстүрлі мөлдір ақшыл жасыл түс, мамыргүл реңкті нәзік гүлді хош иісі мен жұмсақ та татымды дәмі қарбалас тіршіліктің ортасында тепе-теңдік ұстауға көмектесіп, бойға үйлесімділік сыйлайды.

120 г (әрқайсысы 2 г-нан 60 қалташа)

Ресейде шығарылған

400 ₽

Улун шайы жұмсақ та татымды дәмі мен нәзік хош иістер палитрасына бола бағаланбайды. Ұзақ ғұмыр жасайтын қытайлардың денсаулығының кепілі – дәл осы шай деседі. Бұл шай дәрумендерге, антиоксиданттарға, қышқылдар мен минералдарға бай. Ол тамырларды тазартып, зат алмасу процестерін жеделдетіп, гормоналдық жағдайды қалпына келтіруге көмектеседі. Сондай-ақ ол иммунитетке де пайдалы, ал жыл мезгілдері ауысқан маусымдар арасында салқын тию мен өкпе ауруларының алдын алуға таптырмас шешім болып табылады. Нағыз улунның дәмін татып көрген кез келген адам мәңгілікке оның адал жанкүйеріне айналады.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдей бергісі келетіндерге.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптың таза да таңдаулы шикізаты қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейша саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.

«Оолонг» типті аздап ферменттелген қытай шайы, рейша саңырауқұлағы (жылтыр ганодерма)

Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз