Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Every Earl Grey

Бергамот қосылған қара шай

Цейлонның іріжапырақты қанық қара шайы мен бергамоттың цитрус реңктері үйлесім тауып, Earl Grey деген ерекше атауға ие болған.  Шайдың айрықша дәмі сізді осы шайды сүйіп ішетін қарт Англияның жанға жайлы атмосферасын сезінуге көмектеседі. Бабына келтіріп демделген «эрл грей» шайы шаршауды басып, бойды сергітетін болса, шай құрамындағы эфир майлары зейінді жақсартады деседі.

120 г (әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа)

Ресейде шығарылған

390 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Терең де қанық дәмі мен экзотикалық бергамоттың жұпар иісімен баурап алатын қара шай купажы Англияда ғана емес, одан бөлек көптеген елдерде танымалдыққа ие. Ол терінің түр-түсінің жақсаруына септесіп, ағзаны әлдендіріп, сергітеді. Бұл шайдың шығу тегі жөнінде әдемі аңыз бар: аңыз бойынша граф Грейге арналған шайды жеткізетін кеме дауылға тап болады: сонда бергамот майы шай жапырақтарына төгілген, осылайша «эрл грей» шайы пайда болған деседі.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Цейлонның қара байха шайы, «бергамот» хош иістендіргіші. 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз