Жаңа интернет-дүкен ұнады ма?

Пікір қалдыру Ескі нұсқа
Fashion, Enerwood

Enerwood FASHION қара шайы

Шие мен раушан қосылған

Біз шайдың сән-салтанатын сақтаған мейрамханалардың ең үздік дәстүрлерін жинап, FASHION шайының купаждарында іске асырдық. FASHION шайының иісі де, қанық хош иісі де, ұсынылуы да – бәрі-бәрі әдемі. Таңдаулы үнді шайы, шырынды шие, орман қарақаты пен шай раушанының жапырақтары бір шоғырға бірігіп, шай ішкен жанға нағыз жан рахатын сыйлайды. 

20 қалташа

310 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Шай раушанының жапырақтары, жабайы қарақат, шырынды шие және таңдаулы үнді шайынан құралған тамаша шоғыр үш нәзік нота арқылы ашылады: нәзік гүлді жұпар иіс, шие сүйегінің реңкіне бөленген қанық дәм мен шайдан кейін ауызда қалатын берекелі дәм. Жеке-жеке конверттерге оралған жібек қалташалар купаждың құрылымы мен тартымдылығын сақтай отырып, шай шоғырының біртіндеп ашылатын әдемілігіне тамсануға мүмкіндік береді. Шай компоненттерінің өлшемі дәмнің қанықтығы мен тереңдігі іріжапырақты сұрыптардың үздік үлгілеріне сәйкес келетіндей етіп таңдалған. Сондықтан дәм мен хош иістің мінсіз үйлесіміне бөлену үшін, шайды 4 минуттан аса демдеуді ұсынамыз. 

Кімдерге арналған?

  • Әдемілікті (киімнің, өмірдің, ас пен сусынның) бағалайтындарға
  • Сапа мен дәмді бағалайтындарға
  • Дәл осы шақты бағалайтындарға
  • Сәнді купаждар мейрамханадағы шай мәдениетінен бастау алады. FASHION шайлары мейрамхана шай карталарының ең дәмді шайларынан шабыт алған. FASHION шайы – достарыңызбен кездесіп, кафе мен мейрамханаларда шайдың дәмі мен жұпар иісінен, жалпы атмосферадан ләззат ала отырып ішуге үйреніп қалған дүниеңіз. 
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптың таза да таңдаулы шикізаты қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  •  Дербес орама. Шайды орауға таңдалған жеке жұқалтыр конверттердегі жібек қалташалар купаждың құрылымы мен тартымдылығын сақтай отырып, шай шоғырының біртіндеп ашылатын әдемілігіне тамсануға мүмкіндік береді. 
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Стильді шай қорабы. FASHION шайы – рахаттанып ішетін және сыйлық ретінде сыйлауға болатын шай.

Үндінің қара байха шайы, кептірілген шие (жидектер), раушан (жапырақ), қарақат (жапырақ), «шие» хош иістендіргіші

  • Ассам GFOP қара үнді шайы – алтын түсті ұштары бар нәзік те жас шай жапырақтарынан алынған қара іріжапырақты шай. Дәмі қанық та татымды, ал жұпар иісі сәл-пәл қараөрік татиды. 
  • Кептірілген шие – тамаша жұпар иіс пен шие жемісінің сүйегіне тән татымды дәм шайға қайталанбас жеміс-жидекті сарын сыйлайды. 
  • Раушан жапырақтары – раушан гүлінің тәтті де балғын әрі баурап алатын жұпар иісі жаныңызды тыныштыққа бөлеп, жарасымдылыққа бөлейді. 
  • Қарақат жапырақтары фитонцидтер мен эфир майларына бай болғандықтан, бойды тыныштандырып, ойды анық та таза етіп қалпына келтіреді.

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып демдеп, дәм мен жұпар иістің мінсіз үйлесімін жету үшін 4-5 минуттан аса тұндырып қойыңыз. 

Өнім құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз