Сайттың ескі нұсқасы
Аударым жасауСіздің елдімекеніңіз: Россия, Москва
Итмұрын мен бүлдірген қосылған
Біз шайдың сән-салтанатын сақтаған мейрамханалардың ең үздік дәстүрлерін жинап, оны FASHION шайының купаждарында іске асырдық. FASHION шайының иісі де, қанық хош иісі де, ұсынылуы да – бәрі-бәрі әдемі. Шырынды бөрітарақ, хош иісті итмұрын мен бүлдіргеннің дәмі мен жұпары күш-қуатты тасытып, сергітеді.
20 қалташа
Тропикалық бөрітарақ, хош иісті итмұрын мен тәтті бүлдіргеннің жарқын үйлесімі үш нәзік нота арқылы біртіндеп ашылады: өзіне тартатын, жемістің жұпар иісі, сәл ғана қышқылтым татитын қанық дәм және шайды ішкен соң ауыздан кетпейтін қызыл жидектердің дәмі. Жеке-жеке конверттерге оралған жібек қалташалар купаждың құрылымы мен тартымдылығын сақтай отырып, шай шоғырының біртіндеп ашылатын әдемілігіне тамсануға мүмкіндік береді.
Шай компоненттерінің өлшемі дәмнің қанықтығы мен тереңдігі іріжапырақты сұрыптардың үздік үлгілеріне сәйкес келетіндей етіп таңдалған. Сондықтан дәм мен хош иістің мінсіз үйлесіміне бөлену үшін, шайды 4 минуттан аса демдеуді ұсынамыз.
Кімдерге арналған?
Каркаде/бөрітарақ (гүлдері), алма (жемістері), итмұрын (жемістері), бүлдірген (жемістері), мейіз, «құлпынай» хош иістендіргіші.
Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып демдеп, дәм мен жұпар иістің мінсіз үйлесіміне жету үшін 4-5 минуттан аса тұндырып қойыңыз.
Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн.
Тауар жөніндегі пікірді
тек авторизация жасағаннан кейін жазуға болады
Назар аударыңыз! Елді ауыстырғанда себеттің құрамы да өзгеруі мүмкін.