Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Every Black Premium

Классикалық қара шай

Үндістан мен Цейлонның үздік сұрыптарынан жасалған бұл шайдың классикалық шай жанкүйерлеріне ұнары сөзсіз. Оның өткір де сергіткіш дәмі әр жұтым сайын үйлесімдік пен бақыт атмосферасына батырады.

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

400 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Классикалық қара шай дегеніміз – бекзат дәм, нәзік жұпар иіс және қанық түс. Бір кесе қара шай қыста жылытады, ал жазда шөліңді қандырады, сондай-ақ оның сергіткіш қасиеті бар. Сүт және лимонмен тамаша үйлеседі.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Шебердің қолынан шыққан –​ бірегей хош иісті Enerwood Every Special​ композицияларын шай ісінің шебері В. В. Романюк арнайы NL үшін әзірлеген.
  • Нағыз талғампаздарға арналған –​ қара және көк шайдың таңдаулы сұрыптары татымды дәмдеуіштер, хош иісті шөптер мен жемістермен үйлесе отырып, жаңаша қырынан ашылады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейши саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Үнді және цейлон қара шайы, рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерме.

  • Үнді және цейлон қара шайы –​ сусынға қанық түс, жарқын жұпар иіс және татымды дәм береді. Шаршауды басып, сергіткіш әрекет етеді. ​
  • Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз