Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Every Black&Basil

Райхан қосылған қара шай

Қою қара шай мен балауса райханның ерекше үйлесімі бай да қанық дәмге ұласып, сіздің күні бойы сергек жүруіңізге септігін тигізеді. Тәтті алма жемісінің реңкі жаз мезгілін еске салып, ауыздан кетпес дәмімен баурап алады.

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

390 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қара шайдың хош иісті райханмен біріккен қанық та терең дәмі күні бойы күш-қуатыңыздың тасып жүруіне ықпал етеді. Пайдалы микроэлементтер мен дәрумендерге бай бұл сусын шаршауды басып, бойды жақсы сергітеді. Жалбыз бен лимонмен жақсы үйлеседі. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Шебердің қолынан шыққан –​ бірегей хош иісті Enerwood Every Special​ композицияларын шай ісінің шебері В. В. Романюк арнайы NL үшін әзірлеген.
  • Нағыз талғампаздарға арналған –​ қара және көк шайдың таңдаулы сұрыптары татымды дәмдеуіштер, хош иісті шөптер мен жемістермен үйлесе отырып, жаңаша қырынан ашылады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейши саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Қара үнді шайы, алма ағашы (жемістер), райхан (жапырақ), бәден (жемістер), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, қызылмия (тамыры). 

  • Қара үнді шайы –​ сусынға қанық түс, жарқын жұпар иіс және татымды дәм береді. Шаршауды басып, сергіткіш әрекет етеді. 
  • Алма ағашының жемістері –​ ас қорыту жүйесінің тұрақтануына ықпал етіп, тәбетті жақсартады. Алма қандағы холестерин мөлшерін азайтып, жүрек ауруларының пайда болу қаупін төмендетеді. Құрамында ағзаға қажетті талшықтар мен пектиннің бір тәуліктік нормасы сақталған, сондай-ақ көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар. 
  • Райхан –​ табиғи антибиотик, ағзаның қорғаныш қызметін күшейтіп, иммунитетті жақсартады. Құрамындағы фитонцидтер мен эфир майлары бактерицидтік, зарарсыздандырғыш және қышымаға қарсы әрекет етеді. Бастың ауыруын басып, ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартады. 
  • Бәден –​ ағзаны әлдендіріп, қабыну мен түйілуді басады. Теріні созылғыш әрі серпінді етіп, сергіткіш және жасартқыш әрекет етеді. Оның құрамында иммунитетті көтеріп, жүйке жүйесін тыныштандыратын эфир майлары, минералды тұздар, алма қышқылы мен илік заттектер бар.
  • Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. 
  • Қызылмия – шайдың дәмі мен хош иісін қанық та айқын ете түседі, себебі ол құрамдағы басқа өсімдіктердің қасиеттерін күшейтеді, сондай-ақ сусынға табиғи тәттілік береді. Құрамында бірегей биологиялық белсенді зат – глицирризин қышқылы бар. Дәстүрлі қытай медицинасында жастықты сақтау құралдарының бірі болып есептеледі. Қабынуға қарсы, аллергия мен уытқа қарсы әрекет етеді, иммунитетті күшейтеді.

 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз