Жаңа интернет-дүкен ұнады ма?

Пікір қалдыру Ескі нұсқа
Fashion, Enerwood

Every Herbal Green

Жебіршөп қосылған көк шай

Хош иісті жебіршөп пен лимонның қышқылымен үйлесім тапқан көк шайдың бай да берекелі дәмдер гаммасы дәрумендер мен микроэлементтермен байытылған қайталанбас табиғи дәм сыйлайды.

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

390 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Жебіршөп пен лимон қосылған, нағыз жазға арналған жеңіл көк шай табиғаттың бар жақсысын бойына жиған: ол сергітеді, иммун жүйесін күшейтіп, тәбетті жақсартады. Оның хош иісінің қыр гүлдерін сүйетін жандарға ұнары сөзсіз. Жебіршөп қосылған шайдың дәмі мен денсаулыққа тигізер пайдасын бағалаған Русь халқы оны ежелден бері ішіп келген. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдей бергісі келетіндерге.
  • Шебердің қолынан шыққан –​ бірегей хош иісті Enerwood Every Special​ композицияларын шай ісінің шебері В. В. Романюк арнайы NL үшін әзірлеген.
  • Нағыз талғампаздарға арналған –​ қара және көк шайдың таңдаулы сұрыптары татымды дәмдеуіштер, хош иісті шөптер мен жемістермен үйлесе отырып, жаңаша қырынан ашылады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейша саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптың таза да таңдаулы шикізаты қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Қытай көк шайы, жебір тасшөп/жебіршөп (шөп), лимон қабығы, зімбір (тамыры), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма.

  • Көк шай –​ шай шоғының ең үстіңгі, нәзік жапырақтарынан алынады, дәмі сергіткіш әрі қою. Көк шайдың өте күшті антиоксидант екендігі дәлелденген, ол терінің түр-түсін жақсартып, жұмысқа деген қабілетті арттырып, салмақтың азаюына септеседі. ​
  • Жебіршөп (тасшөп) –​ күшті зарарсыздандырғыш және бактерицидтік қасиеттерге ие табиғи антисептик. Құрамында иммунитетті күшейтетін пайдалы эфир майлары, органикалық және бейорганикалық қышқылдар, B және C тобының дәрумендері бар. 
  • Зімбірдің тамыры –​ ағзаға әлдендіргіш әсер етеді, иммундық жүйені күшейтеді. Зат алмасуды жеделдетіп, холестерин мөлшерін азайтады. Амин қышқылдары мен жасуныққа, дәрумендер мен микроэлементтерге бай.
  • Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз