Старая версия сайта

Перейти
Fashion, Enerwood

Every Red

Бөрітарақ пен рейши саңырауқұлағы қосылған гүлді-жемісті шай

Қышқылтым-тәтті татитын қанық қызыл күрең түсті шай жазғы таңқурай мен піскен алмалардың балауса дәмі, қызылмияның тәттісі мен нәзік итмұрын жұпар иісімен толықтырылған. Бұл шай шөлді жақсы қандырады, жүйкенің шаршағанын басып, өмірлік күш-қуат береді.

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

390 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бұл ерекше сусын күншуақта кептірілген судан раушанының (бөрітарақтың) жапырақтарынан әзірленген. Оның құрамында тұтас ағзаға пайдалы әсер ететін 13 жеміс қышқылы, көптеген дәрумендер мен биофлаванодтар бар. Мұндай сусын шөлді жақсы қандырады, жүйкенің шаршағанын басып, созылмалы шаршау синдромына төтеп беруге көмектеседі. 

Жазғы күннің шуағын бойына жиған піскен таңқурай жидектері, Every Red шайына ерекше, жарқын әрі балғын дәм береді. Ал итмұрын мен алма шайдың дәмін айқын білінетін жеміс реңкімен байыта түседі. Сондай-ақ олар ағзаның қорғаныш қызметін іске қосып, әлдендіргіш әрекет етеді әрі бойға өмірлік энергия толтырады. Бұл сусынды ыстық күйінде де, салқын күйінде де ішуге болады. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Эксклюзивті рецептуралар –​ Enerwood Every​ шайларының айрықша дәмі құрамында пайдалы өсімдік компоненттері (күреңот, қара қарақат, таңқурай) бар классикалық қара, көк және қызыл шайларды үйлестіру арқылы алынады.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. 
  • Барынша пайдалы. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында шайды ұнтақтап, купаждау барысында өсімдік ұлпасы барынша аз зақымдалып, шайдың пайдалы қасиеттерінің көп мөлшері сақталады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейши саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Құрамы: каркаде/бөрітарақ (гүлдері), алма (жемістер), итмұрын (жемістер), таңқурай (жемістер), жалаң мия (тамыр), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, «Таңқурай» тағамдық хош иістендіргіші.

  • Каркаде/Бөрітарақ –​ шайға қанық қызыл күрең түс беріп, дәміне сәл қышқыл реңк қосады. Бөрітарақ құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер кешені ағзаның тонусын қалпына келтіріп, инфекциялық ауруларға төзімділігін арттырып, өмірлік күш-қуат сыйлайды.
  • Алма –​ оның тәтті де еліктіргіш қышқыл дәмі шай композициясының ажарын ашады. Алма жүрек пен тамырларды күшейтіп, ағзаның қорғаныш қызметін арттырады. 
  • Итмұрын – шөлді жақсы қандырады, шайға ерекше жұпар иіс сыйлап, дәмін қанық ете түседі. Өте күшті адаптоген болып табылады – ағзаның әртүрлі ауруларға төзімділігін арттырып, жұмысқа деген қабілетті жандандырады. 
  • Таңқурай – сусынға таңқурай жидегінің реңкі мен жарқын жазғы хош иіс сыйлап, шай композициясын толықтыра түседі. Құрамында денсаулыққа пайдасы зор көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар.​
  • Қызылмия – шайдың дәмі мен хош иісін қанық та айқын ете түседі, себебі ол құрамдағы басқа өсімдіктердің қасиеттерін күшейтеді, сондай-ақ сусынға табиғи тәттілік береді. Құрамында бірегей биологиялық белсенді зат – глицирризин қышқылы бар. Дәстүрлі қытай медицинасында жастықты сақтау құралдарының бірі болып есептеледі. Қабынуға қарсы, аллергия мен уытқа қарсы әрекет етеді, иммунитетті күшейтеді.
  • Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Сіздің тұрғылықты жеріңіз