Жаңа интернет-дүкен ұнады ма?

Пікір қалдыру Ескі нұсқа
Fashion, Enerwood

Every Green

Қарақат пен рейши саңырауқұлағы қосылған қытай көк шайы

Басқаларға ұқсамайтын, сәл ауыз қуыратын қытай көк шайы қара қарақат пен жаңа жиналған жалбыздың жарқын дәмімен толықтырылған. Ағзаға күнделікті дәрумендер мен антиоксиданттар жеткізіп, сұлулық пен жастықты сақтап қалуға көмектеседі.

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

390 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Enerwood Green құрамындағы көк шайды Қытайдағы шай шоқтарының балғын үстіңгі жапырақтарынан алады, олар ферменттеусіз, табиғи жолмен кептіріледі. Дәл осындай тәсілдің арқасында, шай жапырағындағы пайдалы заттар барынша сақталып қалады. Ал көк шайдың дәлелденген антиоксиданттық әсері оны компьютер алдында жұмыс істеу кезінде ішетін ең керемет сусынға айналдырды. 

Көк шай денсаулықтың мықты болып, ұзақ өмір сүруге көмектесетін 10 өнімнің бірі болып танылды. 

Көк шайды жиі ішіп тұратын болса, тамырлардың созылғыштық қасиеті сақталып, ағзаның жастығы жалғаса береді. Сондай-ақ, көк шайдың салмақ тастауға көмектесетіні де дәлелденген, сондықтан ол кез келген диетаның айнымас бөлігіне айналған. 

Every Green шайына ерекше дәм мен жұпар иісті қара қарақат береді. Қарақаттың құрамындағы дәрумендердің молдығы оны «денсаулық көзі» және «табиғи дәріхана» деп атауға негіз болды.

Ол иммунитетті жақсы көтереді әрі тұмау маусымында ағзаның вирустармен күресуіне көмектеседі.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдей бергісі келетіндерге.
  • Эксклюзивті рецептуралар –​ Enerwood Every​ шайларының айрықша дәмі құрамында пайдалы өсімдік компоненттері (күреңот, қара қарақат, таңқурай) бар классикалық қара, көк және қызыл шайларды үйлестіру арқылы алынады.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптың таза да таңдаулы шикізаты қолданылады. 
  • Барынша пайдалы. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында шайды ұнтақтап, купаждау барысында өсімдік ұлпасы барынша аз зақымдалып, шайдың пайдалы қасиеттерінің көп мөлшері сақталады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейша саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Құрамы: қытай көк шайы, қара қарақат (жапырақ), қара қарақат (жемістер), жалаң мия (тамыр), ащы жалбыз (жапырақ), рейши саңырауқұлағы/ жылтыр ганодерма, «Қара қарақат» табиғи хош иістендіргіші.

  • Қытай көк шайы – шай шоғының ең үстіңгі, нәзік жапырақтарынан әзірленеді, оның дәмі балғын әрі қанық болады.
  • Қара қарақат – сусынға айқын жидекті жұпар мен жазғы дәм сыйлайды. Қарақаттың жапырағы мен жидектерінде дәрумен көп, соның арқасында бұл сусын сіздің иммунитетіңіздің айнымас көмекшісіне айналады. 
  • Қызылмия/Жалаң мия – шайдың дәмі мен хош иісін қанық та айқын ете түседі, себебі ол құрамдағы басқа өсімдіктердің қасиеттерін күшейтеді, сондай-ақ сусынға табиғи тәттілік береді. Құрамында бірегей биологиялық белсенді зат – глицирризин қышқылы бар. Дәстүрлі қытай медицинасында жастықты сақтау құралдарының бірі болып есептеледі. Қабынуға қарсы, аллергия мен уытқа қарсы әрекет етеді, иммунитетті күшейтеді.​
  • Жалбыз – шайға балғын реңктер береді. Бойды тыныштандырып, мидың жұмысын жақсартады.
  • Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы жеке компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз