Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Every Black

Күреңот пен рейши саңырауқұлағы қосылған қара цейлон шайы

Жалбызбен дәмделген мына қара шайдың татымды дәмі мен күншуақты жұпар иісі каркаде мен лимонның нәзік қышқылымен толықтырылған. Құрамындағы күреңот иммунитетті күшейтсе, сермене күш-қуатты қалпына келтіріп, жұмысқа деген қабілетті арттырады.

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

390 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Ресейде ең танымал шай – қара шай. Every black шайының негізі – дәл купаждау алдында ұнтақталатын тұтас жапырақты қара шай. Мұндай шай өндірісі үшін шай шоғының ең жас жапырақтары, яғни үстіңгі 1-2 жапырақ жиналады, мұндай жапырақтар сусынға қанық жұпар иіс пен терең дәм береді, дегенмен көптеген пакеттелген шайларда жапырақ шайы өндірісінің қалдықтары, яғни «шай тозаңы» қолданылады.

Every black шайының ерекшелігі күреңот. Оның қанық гүлді-шөпті жұпар иісі гүлдеген жазғы көгалды еске салып, сусынды көпқырлы әрі хош иісті етеді. Сонымен қатар, күреңоттың денсаулыққа пайдасы зор. Русь жерінде күреңот тұнбасын батырлар сусыны деп атаған, себебі ол ағзаның инфекциялармен күресуіне септесіп, күш-қуатты қалпына келтіріп, иммунитетті күшейтеді.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Эксклюзивті рецептуралар –​ Enerwood Every​ шайларының айрықша дәмі құрамында пайдалы өсімдік компоненттері (күреңот, қара қарақат, таңқурай) бар классикалық қара, көк және қызыл шайларды үйлестіру арқылы алынады.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. 
  • Барынша пайдалы. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында шайды ұнтақтап, купаждау барысында өсімдік ұлпасы барынша аз зақымдалып, шайдың пайдалы қасиеттерінің көп мөлшері сақталады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейши саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Құрамы: қара цейлон шайы, ферменттелген иван-шай/күреңот (жапырақ), каркаде/бөрітарақ (гүлдері), лимон (қабығы), жалаң мия (тамыры), ащы жалбыз (жапырақ), қытай серменесі (жемістері), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, «Лимон» тағамдық хош иістендіргіші.

  • Цейлонның жоғары сұрыпты Оранж Пекое қара шайы –​ сусынға қанық түс, жарқын жұпар иіс беріп, дәміне дәмдеуіш реңктерін қосады. Сергіткіш әрекет етеді, шаршауды басады. 
  • Күреңот/Иван-шай –​ шайдың дәмін сан қырлы етіп, оған татымдылық сыйлап, хош иісті гүлді-шөпті жұпар иіспен толықтырады. Ағзаның қорғаныш қызметін күшейтіп, өмірлік күш-қуатқа бөлейді. 
  • Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. ​

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз