Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Every Special Mix

Every Special хош иісті шайлар ассортиі

Даршын мен апельсин қосылған қара шай ма, әлде шоколад пен жаңғақ қосылғаны ма? Бәлкім, жалбыз бен лимон қосылған көк шай қалайтын шығарсыз? Бірден бәрінің дәмін татып көргіңіз келсе, Every Special шайлар ассортиі – ең жақсы шешім болмақ. Хош иісті коллекцияның барлық үш дәмі бір орамада ұсынылған. Көңіл күйіңе орай дәмдерді таңдап, іш!

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

400 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Enerwood Every Special хош иісті шайларының үш дәмінен құралған ассорти таңдау жасай алмай қиналған немесе әртүрлі шай сұрыптарының артықшылықтарын бағалап көргісі келетіндерге арналған.

Орамада мыналар бар:

  • Every Cinnamon&Orange – апельсин мен хош иісті дәмдеуіштер (даршын, қалампыр және хош иісті бұрыш) қосылған қара шай,
  • Every Mint&Lemon – қанық жалбыз дәмі мен сәл-пәл лимон қышқылы сезілетін көк шай, 
  • Every Nut&Chocolate – шоколад пен жаңғақтың жарқын акценті берілген қара шай.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Шебердің қолынан шыққан –​ бірегей хош иісті Enerwood Every Special​ композицияларын шай ісінің шебері В. В. Романюк арнайы NL үшін әзірлеген.
  • Нағыз талпаздарға арналған –​ қара және көк шайдың таңдаулы сұрыптары татымды дәмдеуіштер, хош иісті шөптер мен жемістермен үйлесе отырып, жаңаша қырынан ашылады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейши саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Every Cinnamon&Orange құрамы: үнді және цейлон қара шайы, ферменттелген иван-шай (жапырақ), апельсин қабығы, даршын, қалампыр, қызылмия (тамыр), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, хош иісті бұрыш, «Апельсин» тағамдық хош иістендіргіші.

Every Mint&Lemon құрамы: қытай көк шайы, курил шайы (жапырақ, гүлдер), ащы жалбыз (жапырақ), сарыраушан (жапырақ), лимон қабығы, қызылмия (тамыры), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, «Лимон» тағамдық хош иістендіргіші.

Every Nut&Chocolate құрамы: үнді және цейлон қара шайы, ферменттелген иван-шай (жапырақ), алтын тамыр, қызылмия (тамыр), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, «Жаңғақ-шоколад» тағамдық хош иістендіргіші.

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз