Старая версия сайта

Перейти
Fashion, Enerwood

Every Nut&Chocolate

Жаңғақ пен шоколадтың хош иісі бар қара шай

Өзіңізді қара шай мен сүйікті шоколадыңыздың мінсіз үйлесімімен еркелетіңіз. Нәзік десерт сарыны мен ауыздан кетпейтін жұмсақ жаңғақ дәмі жарқын да берекелі дәмге ұласып, жіңішке шоколад тәттісімен рахатқа бөлейді.

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

390 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Every Nut&Chocolate – тәттіқұмарлар мен ерекше дүние іздеп жүргендер үшін керемет олжа. Қанық қою қара шай шоколад пен жаңғақпен үйлесе отырып, ауыздан кетпейтін жұмсақ та тәтті дәм сыйлайды. Құрамындағы хош иісті шөптер шайдың дәмін әрқырлы етіп қана қоймай, бойға күш беріп, қатты шаршаған ауыр күннің өзінде кешке келіп ішсеңіз, көңіл күйіңізді көтереді. Коллекцияның көркі – Шығыста денсаулық пен ұзақ өмірдің көзі ретінде танымал болған ерекше рейши саңырауқұлағы.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Шебердің қолынан шыққан –​ бірегей хош иісті Enerwood Every Special​ композицияларын шай ісінің шебері В. В. Романюк арнайы NL үшін әзірлеген.
  • Нағыз талпаздарға арналған –​ қара және көк шайдың таңдаулы сұрыптары татымды дәмдеуіштер, хош иісті шөптер мен жемістермен үйлесе отырып, жаңаша қырынан ашылады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейши саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Құрамы: үнді және цейлон қара шайы, ферменттелген иван-шай (жапырақ), алтын тамыр, қызылмия (тамыр), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, «Жаңғақ-шоколад» тағамдық хош иістендіргіші.

Үнді және цейлон қара шайы –​ сусынға қанық түс, айқын жұпар иіс пен татымды дәм сыйлайды. Сергіткіш әрекет етеді, шаршауды басады. 

Иван-шай (күреңот) –​ шайдың дәмін сан қырлы етіп, оған татымдылық сыйлап, хош иісті гүлді-шөпті жұпар иіспен толықтырады. Ағзаның қорғаныш қызметін күшейтіп, өмірлік күш-қуатқа бөлейді. 

Алтын тамыр –​ баршаға мәлім күшті сергіткіш құрал. Шаршау мен жүйкенің жұқаруын басады, күш-қуатты тасытып, иммунитетті күшейтеді. Сәл өткір дәмі бар.

Қызылмия –​ шайдың дәмі мен хош иісін қанық та айқын ете түседі, себебі ол құрамдағы басқа өсімдіктердің қасиеттерін күшейтеді, сондай-ақ сусынға табиғи тәттілік береді. Құрамында бірегей биологиялық белсенді зат – глицирризин қышқылы бар. Дәстүрлі қытай медицинасында жастықты сақтау құралдарының бірі болып есептеледі. Қабынуға қарсы, аллергия мен уытқа қарсы әрекет етеді, иммунитетті күшейтеді.​

Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз