Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Every Cinnamon&Orange

Даршын мен апельсин қосылған қара шай

Бұл шайдың ішкен жанды тамсандыратын берекелі де көпқырлы дәмі қайда жүрсеңіз де, сізге үйдегі жылулық пен жайлылықты сыйлайды. Таңдаулы қара шай тәтті апельсиннің ауыздан кетпейтін жұмсақ цитрус дәмі мен жарқын, дәмді аккордымен бірігеді. Мұндай үйлесім көтеріңкі көңіл күйге бөлеп, бұлтты күннің өзінде жаныңызға жылулық сыйлайды.

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

390 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Every Cinnamon&Orange купажының берекелі шай шоғы қара шайдың үйреншікті дәмін мүлде басқаша ұсынатын қалампыр, даршын және хош иісті бұрыш секілді жұпар аңқыған дәмдеуіштердің нәзік қосындысымен таң қалдырады. Апельсин цукаттарының жеңіл, қышқылтым тәтті дәмі композицияның нүктесін қояды. Бұл шай сізге жаз мезгілінің жылуын сыйлап, жарқын шығыс ертегісіне шомдырады.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Шебердің қолынан шыққан –​ бірегей хош иісті Enerwood Every Special​ композицияларын шай ісінің шебері В. В. Романюк арнайы NL үшін әзірлеген.
  • Нағыз талғампаздарға арналған –​ қара және көк шайдың таңдаулы сұрыптары татымды дәмдеуіштер, хош иісті шөптер мен жемістермен үйлесе отырып, жаңаша қырынан ашылады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейши саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптың таза да таңдаулы шикізаты қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Құрамы: үнді және цейлон қара шайы, ферменттелген иван-шай (жапырақ), апельсин қабығы, даршын, қызылмия (тамыр), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, хош иісті бұрыш, «Апельсин» тағамдық хош иістендіргіші. 

Үнді және цейлон қара шайы –​ сусынға қанық түс, айқын жұпар иіс пен татымды дәм сыйлайды. Сергіткіш әрекет етеді, шаршауды басады. 

Иван-шай (күреңот) –​ шайдың дәмін сан қырлы етіп, оған татымдылық сыйлап, хош иісті гүлді-шөпті жұпар иіспен толықтырады. Ағзаның қорғаныш қызметін күшейтіп, өмірлік күш-қуатқа бөлейді. 

Апельсин (қабығы) –​ шайдың дәміне цитрус реңкі мен қышқылтым тәтті дәм қосады. Күш беріп, көңіл күйді көтереді. 

Даршын –​ естен кетпес хош иісімен тамсандырады, әрі көптеген бағалы микроэлементтерге (кальций, магний, темір) бай, сондай-ақ жасунық пен антиоксиданттардың көзі болып табылады. 

Қалампыр –​ тағы бір жұпар иісті дәмдеуіш, оның бойында көнеден келе жатқан бекзаттық, қанық та қайталанбас дәм мен емдік қасиеттер ұштасып жатыр. 

Қызылмия – шайдың дәмі мен хош иісін қанық та айқын ете түседі, себебі ол құрамдағы басқа өсімдіктердің қасиеттерін күшейтеді, сондай-ақ сусынға табиғи тәттілік береді. Құрамында бірегей биологиялық белсенді зат – глицирризин қышқылы бар. Дәстүрлі қытай медицинасында жастықты сақтау құралдарының бірі болып есептеледі. Қабынуға қарсы, аллергия мен уытқа қарсы әрекет етеді, иммунитетті күшейтеді.

Хош иісті бұрыш – сусынға жарқын дәм мен хош иістің нәзік те бірегей үйлесімін сыйлайды. Сонымен қатар, бұрыш қосылған шай зат алмасу процестерін жандандырып, ағзаның қорғаныш қызметін іске қосады, энергия мен өмірлік күш-қуатпен қуаттандырады.

Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз