Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Every Mint&Lemon

Жалбыз мен лимон қосылған көк шай

Таңдаулы қытай көк шайы салқын жалбыз бен азғантай лимон қышқылымен үндесіп, сізге көктемнің күншуақты таңындағыдай балғындық сыйлап, күні бойы күш-қуатыңыздың тасып жүруіне көмектеседі.

Таза салмағы: 120 г

Әрқайсысы 2 г-нан 60 құлақшалы қалташа

Ресейде шығарылған

390 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Every Mint&Lemon композициясындағы сапалы көк шай айқын бейнеленген жалбыз реңкі мен жеңіл лимон қышқылымен үйлесіп, жаңа қырларын ашады. Таңдаулы сергіткіш шай дәмі бойыңызға энергия толтырып, әлемге жаңаша көзқараспен қарауға көмектеседі. Бұл коллекцияның бірегей ерекшелігі – шығыс елдеріндегі жастықтың, сұлулық пен денсаулықтың дәстүрлі құпиясы саналатын рейши саңырауқұлағы.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Шебердің қолынан шыққан –​ бірегей хош иісті Enerwood Every Special​ композицияларын шай ісінің шебері В. В. Романюк арнайы NL үшін әзірлеген.
  • Нағыз талғампаздарға арналған –​ қара және көк шайдың таңдаулы сұрыптары татымды дәмдеуіштер, хош иісті шөптер мен жемістермен үйлесе отырып, жаңаша қырынан ашылады.
  • Жай ғана шай емес –​ коллекцияның негізін шығыста жастық пен сұлулықты, денсаулықты сақтау құпиясы болып саналатын рейши саңырауқұлағы құрайды. Алғаш рет бірінші шығыс медицинасы оқулығында «емдік қасиеттері дәрі-дәрмектерден асып түсетін»​ 365 түрлі шөптің ішінде № 1​ құрал ретінде аталып өткен.
  • Жоғары сапа. Өндіріске 1 маусымнан артық сақталмайтын, тек жоғары сұрыптағы таза да таңдаулы шикізат қолданылады. Арнайы өндіріс технологиясының арқасында, шайды ұнтақтап, купаждағанда өсімдік ұлпасына тиетін зақым минималды болатындықтан, пайдалы заттардың көп мөлшері сақталып қалады.
  • Ыңғайлы. Жұмыста, үйде, саяхатта – кез келген жерде демдеп ішуге қолайлы.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.

Құрамы: қытай көк шайы, курил шайы (жапырақ, гүлдері), ащы жалбыз (жапырақ), сарыраушан (жапырақ), лимон қабығы, қызылмия (тамыр), рейши саңырауқұлағы/жылтыр ганодерма, «Лимон» тағамдық хош иістендіргіші. 

Көк шай –​ шай шоғының ең үстіңгі, нәзік жапырақтарынан алынады, дәмі сергіткіш әрі қою. Көк шайдың өте күшті антиоксидант екендігі дәлелденген, ол терінің түр-түсін жақсартып, жұмысқа деген қабілетті арттырып, салмақтың азаюына септеседі. 

Курил шайы –​ көк шайдың дәмін қоюландырып, шайға шөп дәмін беріп, ағзаның қорғаныш қызметін күшейтеді. 

Ащы жалбыз –​ сусынға сергіткіш хош иіс пен ұшқындаған балғындық сыйлап, бойды тыныштандырады да, күш-қуатты қалпына келтіреді. 

Сарыраушан –​​ жеңіл, тәтті әрі ауыздан кетпейтін жағымды дәмінен бөлек, құрамында антиоксиданттар мөлшері мол, демек жастық пен сұлулықты сақтауға көмектеседі.

Қызылмия –​ шайдың дәмі мен хош иісін қанық та айқын ете түседі, себебі ол құрамдағы басқа өсімдіктердің қасиеттерін күшейтеді, сондай-ақ сусынға табиғи тәттілік береді. Құрамында бірегей биологиялық белсенді зат – глицирризин қышқылы бар. Дәстүрлі қытай медицинасында жастықты сақтау құралдарының бірі болып есептеледі. Қабынуға қарсы, аллергия мен уытқа қарсы әрекет етеді, иммунитетті күшейтеді.

Лимон (қабығы) – сусынға нәзік цитрус қышқылын қосады. Қабығындағы эфир майларының арқасында көңіл күйді көтеріп, стреске төтеп беруге көмектесіп, ас қорытуды жақсартады.

Рейши саңырауқұлағы – айрықша табиғи адаптоген әрі иммунтүрлендіргіш, Шығыс елдерінде емдік дәрмек ретінде қолданылады. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын ақуыз) түзілуін жеделдетеді, ағзаның стреске қарсы тұруына көмектесіп, оның жағымсыз салдарын жеңілдетеді. 

Шай қалташасын 200 мл қайнаған суға (t ~ 80–90 °C) салып, 3-5 минут демдеу керек. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз