Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Vita Mix

Дәрумендендірілген құрғақ сусын

Дәрумендірілген ерігіш сусындардан құралған Vita Mix ассортиі – сіздің иммунитетіңіз бен денсаулығыңызды күшейтетін бірегей квадро-кешенмен толықтырылған, піскен орман жидектерінің естен кетпес дәмдерінің топтамасы. 

Таза салмағы: 180 г

Әрқайсысы 6 г-нан 30 қалташа

Ресейде шығарылған

420
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Enerwood Vita композицияларының негізі – бірегей сығындылар квадрокешені:

  • Кебектер – асқазан-ішек жолдарының жұмысын тұрақтандырады. Құрамында А, Е, С топтарының дәрумендері В (В1, В2, В6, РР), амин қышқылдары мен микроэлементтер бар.
  • Шырғанақ – ағзаны әлдендіргіш, қабынуға төтеп бергіш және қалпына келтіргіш әсер етеді. Құрамында С, В1, В2, Е дәрумендері (токоферол), фолий қышқылы, рутин, сондай-ақ каротин мен каротиноидтер, қант, органикалық қышқылдар, макроэлементтер (калий, кальций, магний, темір) мен микроэлементтер бар.
  • Рейша саңырауқұлағы – табиғи адаптоген және иммуномодулятор. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциядан қорғайтын ақуыз) өндірілуіне септеседі, ағзаның күйзеліске қарсы тұруына көмектесіп, күйзелістің жағымсыз салдарын бәсеңдетеді.
  • Жидектер мен өсімдіктер сығындысы (қаражидек, мүкжидек, шырғанақ, қара қарақат, шетен, алоэ – таңдаған дәмге қарай)

Кімдерге арналған?

  • Дәмді сусын ішкенді ұнататын жандарға.
  • Денсаулығын күтетін адамдарға.
  • Сусынның құрамына мән беретіндерге.
  • Кез келген жерде пайдалы сусын ішкісі келетіндерге.
  • Табиғи және пайдалы – сусын құрамындағы барлық дәрумендер мен минералдар, амин қышқылдары табиғи көздерден алынған. Заманауи өндіріс технологиялары мен шикізаттың дұрыс сақталуы өнім құрамындағы компоненттердің барлық пайдасын сақтауға мүмкіндік береді. Өнім құрамында пектинді заттар бар, олар токсиндерді сорып, шығарады, асқазан-ішек жолының жұмысын тұрақтандырады. 
  • Топтама құрамындағы барлық дәмдердің негізі – бірегей квадро-кешен (кебектер, шырғанақ, рейши саңырауқұлағы, жидек пен өсімдік сығындылары), оның құрамындағы төрт компоненттің әрқайсысының денсаулыққа пайдасы зор, ал барлығы біріккенде бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің әсерін күшейтеді.
  • Ағзаға қажетті қышқылдар қамтылған – шарап, шайыртас және аскорбин қышқылдары күшті антиоксиданттар болып табылады, әрі олар ағзаға жағымды әсер етеді.
  • Қант пен жасанды бояғыштарсыз – сусынның түстерін табиғи ингредиенттер (қызылша сығындысы, бета-каротин, қызғылт жүзімнің қабығы және т.б.) береді. Тәттілікті фруктоза мен стевиозид секілді табиғи тәттілендіргіштер береді, олар қанттан 24 есе тәтті, құрамында бағалы дәрумендер мен микроэлементтер бар болғандықтан, қандағы қант деңгейін көтермей, ас қорыту мен зат алмасуды жақсартады.
  • Ыңғайлы әрі жеңіл – шағын қалташаларды сөмкеге салып алып жүріп, үйде, жұмыста, жолда ішуге ыңғайлы. Сусынның дайындалу тәсілінің қарапайымдылығы сондай, оны тіпті кішкентай бала да әзірлей алады – жай ғана су құйып, араластырса болғаны.
  • Тиімді – Enerwood Vita (30 қалташасы) орамасы – табиғи ингредиенттерге негізделген дәмді әрі пайдалы 6 литр сусын.

«Қаражидек» құрамы: фруктоза, аскорбин қышқылы, шайыртас қышқылы, шарап қышқылы, пектин, суда еритін табиғи тағамдық талшықтар; сығындылар кешені: қаражидек сығындысы, шырғанақ сығындысы, кебек сығындысы, рейши саңырауқұлағының сығындысы; стевиозид (табиғи тәттілендіргіш), табиғи антоциан бояғышы, табиғи хош иістендіргішке ұқсас «Қаражидек» хош иістендіргіші.

«Шырғанақ» құрамы: фруктоза, аскорбин қышқылы, шайыртас қышқылы, шарап қышқылы, пектин, суда еритін табиғи тағамдық талшықтар; сығындылар кешені: шырғанақ сығындысы, кебек сығындысы, итмұрын сығындысы, рейши саңырауқұлағының сығындысы; стевиозид (табиғи тәттілендіргіш), табиғи бета-каротин бояғышы, табиғи хош иістендіргішке ұқсас «Шырғанақ» хош иістендіргіші.

«Мүкжидек» құрамы: фруктоза, аскорбин қышқылы, шайыртас қышқылы, шарап қышқылы, пектин, суда еритін табиғи тағамдық талшықтар; сығындылар кешені: мүкжидек сығындысы, шырғанақ сығындысы, кебек сығындысы, рейши саңырауқұлағының сығындысы; стевиозид (табиғи тәттілендіргіш), табиғи қызылша бояғышы, табиғи хош иістендіргішке ұқсас «Мүкжидек» хош иістендіргіші.

«Қара қарақат» құрамы: фруктоза, аскорбин қышқылы, шайыртас қышқылы, шарап қышқылы, пектин, суда еритін табиғи тағамдық талшықтар; сығындылар кешені: қара қарақат сығындысы, қара жетісті шетен сығындысы, шырғанақ сығындысы, рейши саңырауқұлағының сығындысы; стевиозид (табиғи тәттілендіргіш), табиғи қызылша бояғышы, табиғи антоциан бояғышы, табиғи хош иістендіргішке ұқсас «Қарақат» хош иістендіргіші.

«Шетен» құрамы: фруктоза, аскорбин қышқылы, шайыртас қышқылы, шарап қышқылы, пектин, суда еритін табиғи тағамдық талшықтар; сығындылар кешені: қызыл шетен сығындысы, шырғанақ сығындысы, кебек сығындысы, рейши саңырауқұлағының сығындысы; стевиозид (табиғи тәттілендіргіш), қызылтерек қабығының табиғи ащы дәмі, табиғи қызылша бояғышы, табиғи бета-каротин бояғышы, табиғи хош иістендіргішке ұқсас «Шетен» хош иістендіргіші.

«Алоэ» құрамы: фруктоза, аскорбин қышқылы, шайыртас қышқылы, шарап қышқылы, пектин, суда еритін табиғи тағамдық талшықтар; сығындылар кешені: алоэ сығындысы, кебек сығындысы, шырғанақ сығындысы, рейши саңырауқұлағының сығындысы; стевиозид (табиғи тәттілендіргіш), табиғи хлорофиллин бояғышы, табиғи уыт бояғышы, табиғи хош иістендіргішке ұқсас «Алоэ» хош иістендіргіші.

  • Қалташаның ішіндегі өнімді қалауыңыздағы температурадағы 200 мл (1 стақан) суға салып, әбден ерігенше жақсылап араластырыңыз.
  • 1–2 минут тұндырып қойыңыз.
  • Ыстық күйде де, салқын күйде де іше беруге болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз