Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Dream Mix

Enerwood Dream композицияларының ассортиі

Dream Mix – Enerwood Dream композицияларының барлық үш дәмін бағалауға мүмкіндік береді. Олар: Көбелектер алқабы, Жеті гүл жері, Бал сарқырамалары. Шөптер мен жемістерден және шай жапырағынан әзірленген үздік композициялар дәм реңктерінің бай палитрасымен қызықтырады. Қолмен жиналып, шөптің тұтастығы мен денсаулыққа тигізер пайдасын барынша сақтап қалатын ерекше әдіспен кептірілген өсімдіктер шайға қанық дәм мен жұпар иіс сыйлайды.

Таза салмағы: 99 г

Орамасы: әрқайсысы 33 г үш қалташадан тұратын туба

Ресейде шығарылған

470 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Нағыз шайдан хабары бар жандарға арналған, қолдан әзірленген эксклюзивті шайлардан құралған қайталанбас дәмдер ассортиі. 

Барлық үш композициядан дәм татып, ішінен сүйікті дәміңізді таңдауға тамаша мүмкіндік.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Шайды кез келген жерде демдеп ішкісі келетін жандарға.
  • Шебердің қолынан шыққан –​ бірегей хош иісті Enerwood Every Special​ композицияларын шай ісінің шебері В. В. Романюк арнайы NL үшін әзірлеген
  • «Қолдан әзірленген» шайлар –​ барлық композициялар қолмен араластырылып, тек ең үздік шикізаттардан жасалады. Өндіріс барысында компоненттер барынша тұтас күйінде сақталып, қосымша қолмен сұрыпталады. 
  • Бояғыштар мен хош иістендіргіштерсіз –​ тек табиғи, көпқырлы әрі тамсандыратын шай дәмі.
  • Дұрыс оралған орама –​ әр қалташа қағаз, жұқалтыр және пленкадан тұратын, арнайы ауа кірмейтін конвертке салынады. Мұндай орама шайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.
  • Ішінде сыйлығы бар –​ әр ораманың ішінде әртүрлі суреттер салынған стильді кесе қойғыш бар. 

«Жеті гүл жері»: ОР қара цейлон шайы (араласқан сұрыптар), алма ағашы (жемістер), шоқсары (түс), бәден (дәндер), ащы жалбыз (жапырақ), көкшіл гүлкекіре (гүл жапырақтары), құм салаубасы (гүлдер), мақсары (гүл жапырақтары).

«Көбелектер алқабы»: бүлдірген (жемістер, жапырақ), каркаде/бөрітарақ (гүлдер), итмұрын (жемістер), қызыл шетен (жемістер), күнбағыс (гүл жапырақтары), арыстанқұйрық (жапырақ), қызылмия (тамыры).

«Бал сарқырамалары»: ОР қара цейлон шайы (бленд), «Қызыл спираль» атты қытай шайы, жөке (түс), долана (түс), бүлдірген (жемістер), қызылмия (тамыры), мақсары (гүл жапырақтары).

Қажетті мөлшердегі шайды алдын ала қыздырылған шәйнекке салып, үстіне 200 мл таза, қайнаған су (~90°С) құйыңыз, қажетінше тұндырыңыз.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда, қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз