Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Шетен

Дәрумендендірілген құрғақ сусын

Сусынның сәл ғана ашқылтым сезілетін қышқылтым-тәтті дәмі шөлді қандырып, ағзаны дәрумендер мен микроэлементтерге байытады, әрі ағзадан токсиндер мен өзге де зиянды заттарды шығаруға көмектесіп, иммунитетті күшейтеді. 

Таза салмағы: 180 г

Әрқайсысы 6 г 30 қалташа

Ресейде шығарылған

410
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Enerwood Vita композицияларының негізі – бірегей сығындылар квадрокешені:

  • Кебектер – асқазан-ішек жолдарының жұмысын тұрақтандырады. Құрамында А, Е, С топтарының дәрумендері В (В1, В2, В6, РР), амин қышқылдары мен микроэлементтер бар.
  • Шырғанақ – ағзаны әлдендіргіш, қабынуға төтеп бергіш және қалпына келтіргіш әсер етеді. Құрамында С, В1, В2, Е дәрумендері (токоферол), фолий қышқылы, рутин, сондай-ақ каротин мен каротиноидтер, қант, органикалық қышқылдар, макроэлементтер (калий, кальций, магний, темір) мен микроэлементтер бар.
  • Рейши саңырауқұлағы – табиғи адаптоген және иммунтүрлендіргіш. Интерферонның (ағзаны вирустық инфекциядан қорғайтын ақуыз) өндірілуіне септеседі, ағзаның күйзеліске қарсы тұруына көмектесіп, күйзелістің жағымсыз салдарын бәсеңдетеді.
  • Қызыл шетен сығындысы – құрамында каротин, көп мөлшердегі С дәрумені, Е, В2 дәрумендері, органикалық қышқылдар бар. Зат алмасуды, иммундық жүйені қалпына келтіруге көмектеседі, көру және есте сақтау қабілетін жақсартады; тазартқыш, қабынуға қарсы, тер шығаратын қасиеттерге ие, қылтамырларды нығайтады. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді сусын ішкенді ұнататын жандарға.
  • Денсаулығын күтетін адамдарға.
  • Сусынның құрамына мән беретіндерге.
  • Кез келген жерде пайдалы сусын ішкісі келетіндерге.
  • Табиғи және пайдалы – сусын құрамындағы барлық дәрумендер мен минералдар, амин қышқылдары табиғи көздерден алынған. Заманауи өндіріс технологиялары мен шикізаттың дұрыс сақталуы өнім құрамындағы компоненттердің барлық пайдасын сақтауға мүмкіндік береді. Өнім құрамында пектинді заттар бар, олар токсиндерді сорып, шығарады, асқазан-ішек жолының жұмысын тұрақтандырады. 
  • Топтама құрамындағы барлық дәмдердің негізі – бірегей квадро-кешен (кебектер, шырғанақ, рейша саңырауқұлағы, жидек пен өсімдік сығындылары), оның құрамындағы төрт компоненттің әрқайсысының денсаулыққа пайдасы зор, ал барлығы біріккенде бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің әсерін күшейтеді.
  • Ағзаға қажетті қышқылдар қамтылған – шарап, шайыртас және аскорбин қышқылдары күшті антиоксиданттар болып табылады, әрі олар ағзаға жағымды әсер етеді.
  • Қант пен жасанды бояғыштарсыз – сусынның түстерін табиғи ингредиенттер (қызылша сығындысы, бета-каротин, қызғылт жүзімнің қабығы және т.б.) береді. Тәттілікті фруктоза мен стевиозид секілді табиғи тәттілендіргіштер береді, олар қанттан 24 есе тәтті, құрамында бағалы дәрумендер мен микроэлементтер бар болғандықтан, қандағы қант деңгейін көтермей, ас қорыту мен зат алмасуды жақсартады.
  • Ыңғайлы әрі жеңіл – шағын қалташаларды сөмкеге салып алып жүріп, үйде, жұмыста, жолда ішуге ыңғайлы. Сусынның дайындалу тәсілінің қарапайымдылығы сондай, оны тіпті кішкентай бала да әзірлей алады – жай ғана су құйып, араластырса болғаны.
  • Тиімді – Enerwood Vita (30 қалташасы) орамасы – табиғи ингредиенттерге негізделген дәмді әрі пайдалы 6 литр сусын.

Құрамы: фруктоза, аскорбин қышқылы, шайыртас қышқылы, шарап қышқылы, пектин, суда еритін табиғи тағамдық талшықтар; сығындылар кешені: қызыл шетен сығындысы, шырғанақ сығындысы, кебек сығындысы, рейши саңырауқұлағының сығындысы; стевиозид (табиғи тәттілендіргіш), көктерек қабығының табиғи ащылығы, табиғи қызылша бояғышы, табиғи бета-каротин бояғышы, табиғи антоциан бояғышы, табиғи хош иістендіргішке ұқсас «Шетен» хош иістендіргіші.

Дайын бір порцияның калориясы (6 г құрғақ өнімде) – 16,6 ккал

1 порция құрамындағы дәрумендер, микроэлементтер мен амин қышқылдарының мөлшері (6 г құрғақ өнімде):

Дәрумендер
В1 0,24 мг
В2 0,37 мг
В6 0,39 мг
РР 2,1 мг
А (оның ішінде каротиноидтер) 0,95 мг
С 24,2 мг
Е 2,0 мг
Микроэлементтер
Калий 504 мг
Фосфор 221 мг
Магний 45 мг
Амин қышқылдары
Лизин 94 мг
Метионин 29 мг
Триптофан 40 мг
Лейцин 172 мг
Изолейцин 61 мг
Аргинин 167,2 мг
Гистидин 67,4 мг
  • Қалташаның ішіндегі өнімді қалауыңыздағы температурадағы 200 мл (1 стақан) суға салып, әбден ерігенше жақсылап араластырыңыз.
  • 1–2 минут тұндырып қойыңыз.
  • Ыстық күйде де, салқын күйде де іше беруге болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз