Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Prana

Тыныс алу жүйесінің саулығын нығайтуға арналған шай сусыны

Prana шай сусынының құрамындағы шөптер тыныс алуды жеңілдетеді. Сусын өкпені біртіндеп шайыр мен шаңнан тазартып, тыныс алу жолдарының тіндерін қорғап, өкпенің сырқаттардан кейін тез қалпына келуіне септігін тигізеді.

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Өкпе – ағзадағы ауа сүзгісі. Ол өзінен үлкен көлемдегі ауа массасын өткізіп, оны тазартып, ағзаны секунд сайын мидың, жүрек пен бүйректердің дұрыс жұмыс істеуіне аса қажет оттегімен қамтамасыз етеді. Өкпе – ағзаға кіретін тұмша мен никотиннің жолындағы алғашқы тосқауыл, ол сорғы секілді бәрін өзіне сіңіріп алады. Сондықтан әр темекі, әр автокөліктен шыққан газ өкпенің бетінде өзінің «лас ізін» қалдырады. 

Prana шай сусынының құрамындағы шөптер тыныс алуды жеңілдетеді, өкпенің тазаруына септесіп, оның қызметін жақсартады. Қызылмия тамыры иммунтүрлендіргіштік, қабынуға қарсы және адаптогендік әсерге ие. Бұл сусын өкпені шайыр мен шаңнан тазартып, тыныс алу жолдарының тіндерін қорғайды, өкпе тіндерінің аурудан кейін тез қалпына келуіне ықпал етеді, аурудың дамуын тоқтатады. Бұл – татымды әрі тәтті дәмі мен жұпар иісі үйлескен шай.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: қара цейлон шайы ОР1, қызылмия (тамыры), хош иісті бұрыш (дәндері), қалампыр (гүлі), мандарин қабығы.

  • Қара цейлон шайы – сергіткіш әсер береді, Р-дәрумен белсенділігіне ие, тамыр қабырғаларын нығайтады.
  • Жалаң мия/Қызылмия – тыныс алу жолдары эпителийінің сөл бөлу қызметінің артуына әсер етеді, қақырықты сұйылтады, жөтелуді жеңілдетеді. Қызылмияның вирусқа және бактерияларға қарсы әрекет ететін қасиетінің арқасында тыныс алу мүшелеріне күшті жағымды әсер етеді. Қабынба ферменттердің басылып, интерферонның көп өндірілуінен, қабынуға қарсы әрекет механизмі жүзеге асады. 
  • Хош иісті бұрыш – антисептикалық және қақырық түсіргіш әрекет етеді. Хош иісті бұрыш қосылған шай асқазан әлсіреп, кепкенде жақсы көмектеседі.
  • Қалампыр – тыныс жолдары әртүрлі ауруларға шалдыққанда, тыныс алуды жеңілдету үшін қолданылады. Қалампыр паразиттар мен микробтарға қарсы, ауырсынуды басатын және жүрек айнығанға қарсы әрекет етеді. 
  • Мандарин – азғаны әлдендіреді, ас қорытуды жақсартады, ал фитонцидтік қасиеттердің арқасында микробқа қарсы әрекет етеді.
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Шай сусыны ретінде пайдаланыңыз.
  • Қалауыңызша қант, бал, лимон қосуға болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз