Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Dinamix

Сергіткіш шай сусыны

Dinamix шай сусыны сергіткіш әсер береді, физикалық және ақыл-ой белсенділігін жеделдетіп, ағзаны күшейтеді. Бұл фитошайдың ешнәрсемен салыстыруға келмейтін жарқын дәмі бар, әрі ол шөлді қандырып, бойға күш-қуат сыйлайды.

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
230 ₽

Заманауи өмір марафонында зымырап жүріп, біз СШС-ның, яғни созылмалы шаршау синдромының құрсауында қалып қоямыз. Оның айнымас белгілері – депрессия, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, ұйқышылдық, әрдайым өзіңді қалжырағандай сезіну. 

Dinamix шай сусынының шоғырына сергіткіш әсерін көпшілік мойындаған қытай және курил көк шайлары кіреді. Олардың әсерін қызыл тамыр мен маралтамыр күшейтеді: бұл екеуі физикалық және ақыл-ой белсенділігін жеделдетіп, ағзаны күшейтеді, гипотония кезінде артериялық қан қысымын көтереді. Dinamix фитошайының дәмі ештеңемен салыстыруға келмейді, ол шөлді жақсы қандырып, бойыңа күш-қуат дарытады. Бұл шайды күнделікті ішіп жүрсеңіз, ол сізге әртүрлі оқиғаларға толы, қызықты, белсенді өмірге қажетті жаңа күштер сыйлайды. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: көк шай, курил шайы (жапырақ), қызылмия (тамыры), маралтамыр, қызыл тамыр, мускат жаңғағы (түс).

  • Көк шай – орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметін жандандырады, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады, шаршау мен күйзелісті басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін кешеуілдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырлардың жағдайын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады. 
  • Курил шайы – радиоактивті заттарды сіңіріп, олардың ағзаға таралып кетпеуіне жол бермейтін қабілетінің арқасында радиациядан қорғайтын қасиеті бойынша оған тең келетін өнім жоқ. Микробқа қарсы, қақырық түсіретін, өт айдайтын, қан тоқтататын, уылдырғыш және антиоксиданттық қасиеттері бар.
  • Қызылмия/Жалаң мия – иммунтүрлендіргіш, қабынуға қарсы және адаптогендік әсерді қамтамасыз етеді. Дәстүрлі қытай медицинасында бұл өсімдік жасарту құралдарының бірі болып есептеледі. Аллергияға және уытқа қарсы әрекет етеді.
  • Маралтамыр– ақыл-ой және физикалық тұрғыдан шаршағанда, жүйке жүйесінің қызметі бұзылғанда, жұмысқа деген қабілеттілік төмендегенде, гипотония, импотенция, созылмалы маскүнемдікке шалдыққанда ынталандырғыш, сергіткіш және адаптогендік құрал қызметін атқарады.
  • Қызыл тамыр/Тиынтақ – ерлердің физикалық белсенділігі мен еркектік қауқарын күшейтеді. Асқазан-ішек жолының жұмысын тұрақтандырады, жүрек-қантамыр,тыныс алу және жүйке жүйесіне жеңіл ынталандырғыш және күшейткіш әсер етеді. Іш өткенде, бас ауырғанда, анемия, жүйке аурулары, әйелдерде болатын ауруларды емдеуде, сондай-ақ несеп айдайтын және әлдендіретін құрал ретінде қолданылады. 
  • Мускат жаңғағы — айқын байқалатын ынталандырғыш және сергіткіш қасиетке ие. Ас қорыту процестеріне септігін тигізеді, қанмен қамтамасыз етуді жақсартады, есте сақтау қабілетін, иммундық және жүйке жүйесін күшейтеді.
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Шай сусыны ретінде пайдаланыңыз.
  • Қалауыңызша қант, бал, лимон қосуға болады.

Ескерту: 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ асқынған жүйке қозғыштығына, ұйқысыздыққа, артериялық гипертензияға шалдыққан адамдарға қолдануға болмайды.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз