Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Gentleman

Ерлер денсаулығын нығайтуға арналған шай сусыны

Ер адамдардың денсаулығын нығайтуға арналған шай сусыны қабынуға қарсы әрекет ететін және бактерицидтік қасиетке ие. Gentleman құрамындағы белсенді өсімдіктер ғасырлар бойы халық медицинасында қолданылып, заманауи ғылыми зерттеулермен тексерілген.

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Ер адамдардың дәрігерге жүгінгенді ұнатпайтыны мәлім. Аурудың алдын алу оны емдеуден тиімдірек, сондықтан Gentleman шай сусынымен денсаулықты оңай қалыпта ұстап тұруға болады. Бұл – ерлерге арналған, дәмі жағымды, қолданылуы оңай, сенімді әрі тиімді профилактикалық құрал. 

Gentleman шай сусынының құрамындағы белсенді өсімдіктер ғасырлар бойы халық медицинасында қолданылып, заманауи ғылыми зерттеулермен тексерілген. Татқұлақ, батпақ мажыра, маралтамыр, қызыл тамыр қуықалды без аденомасында профилактикалық және емдік құрал ретінде пайдаланылады. Бұл шөптердің кешені бүкіл несеп-жыныс жүйесі мен ас қорытуға жағымды әсер етеді, сондай-ақ қабынуға қарсы және бактерицидтік әсер береді. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: қара цейлон шайы (жапырақ), иван-шай (ферменттелген жапырақ), батпақ мажыра (тамырсабақ), татқұлақ (жемісті дене), маралтамыр, қызыл тамыр, зімбір (тамыр), қарағай (бүршік), балдырған (тамыр), ащы жалбыз (жапырақ).

  • Қара цейлон шайы – сергіткіш әсер береді, Р-дәрумен белсенділігіне ие, тамыр қабырғаларын нығайтады.
  • Иван-шай/Күреңот – бас ауырғанда, ұйқысыздық, көз аурулары, тері және шырышты қабық аурулары, ангина, отит, асқазан жарасы, іріңді жара, анемия, қаназдыққа шалдыққанда қолданылады. Қантүзілімді жеделдетіп, ағзаның қорғаныш қызметін арттыру үшін қолданылады. Күреңот халық медицинасында асқазан-ішек жолының қызметін реттеуші, тыныштандырғыш, уылдырғыш, микробқа және қабынуға қарсы құрал есебінде қолданылады. 
  • Мажыра – өт шығару жолдарына жағымды әсер етіп, улануды басуға және жасушаларды жаңартуға септеседі, сергітеді. халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырсабақтарын асқазан ауруы, ас қорытудың бұзылуы, ревматизм, қан кету, тұмау, сүт безінің ауруы, қызылиек пен ауыз қуысы аурулары, невралгиялық аурулар, тромбофлебит, гипотония ауруларына шалдыққанда, зат алмасу бұзылғанда қолданылады. Геморройдың алдын алады, сондықтан көлік жүргізушілері мен «отырықшы» қызмет атқаратындарға пайдалы.
  • Татқұлақ – әлдендіргіш және сергіткіш құрал ретінде пайдаланылады. Ағзаның зиянды заттардан улануын басатын тамаша құрал. Асқазан, аш ішек жарасы және өзге де асқазан-ішек жолы ауруларына шалдыққанда жақсы көмектеседі. Халық медицинасында ісікке қарсы құрал ретінде де қолданады.
  • Маралтамыр – ақыл-ой және физикалық шаршау, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі, гипотония, импотенция, созылмалы маскүнемдікке шалдыққандарға ынталандырғыш, сергіткіш және адаптогендік құрал ретінде көмектеседі. 
  • Қызыл тамыр/Тиынтақ – ер адамдардың физикалық белсенділігі мен еркектік қуатын жандандырады. Асқазан-ішек жолының қызметін тұрақтандырып, жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйесіне ынталандырғыш және күшейткіш әсер етеді. Іш өткенде, бас ауырғанда, анемияға шалдыққанда несеп айдайтын және әлдендіретін құрал ретінде пайдаланылады. 
  • Зімбір – халық медицинасында ас қорыту жүйесі бұзылғанда және сергіткіш құрал ретінде пайдаланылады. Антиоксиданттық, қабынуға қарсы, микробқа қарсы, түйілуді басатын, іштегі желді айдайтын, жүрек айнуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар, қандағы холестерин мен қант мөлшерін азайтып, жыныстық құмарлықты күшейтеді. 
  • Қарағай бүршіктері – салқын тигенде, тыныштандырғыш құрал ретінде, дәрумен жетіспеушілігінің алдын алу үшін, тұмау, ауамен жұғатын асқынған ауруларға шалдыққанда, тыныс алу мүшелері қабынғанда, ауыспалы артрит, әртүрлі невроздар, жүйке және жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққанда қолданылады.
  • Балдырған – қабынуға қарсы, өт айдағыш, терлеткіш, қақырық түсіргіш, несеп айдағыш, тыныштандырғыш және асқазанды бүркегіш әсер етеді. 
  • Жалбыз – асқазан-ішек жолының моторикасы мен секрециясын тұрақтандырады, өттің пайда болып, ағып шығуына септеседі, қабынуға қарсы әсер етеді, жүйке-эмоционалдық шаршауды басады. Сусынға анық та татымды дәм береді. 
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 7 минуттан аса тұндырыңыз, термоста тұндырған жақсы.
  • Күніне 2-3 рет ішіңіз.
  • Қалауыңызша қант, бал, лимон қосуға болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз