Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Donna Bella

Әйелдер денсаулығын нығайтуға арналған шай сусыны

Donna Bella шай сусыны әйел денсаулығын нығайтып, жастықты ұзартады. «Донна Белла» шай шоғындағы ең айрықша гүл – төртжапырақты семізот, әйел ағзасындағы жыныстық орта ауруларын емдеп, алдын алуда теңдесі жоқ табиғи гормон.

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Donna Bella шай сусынының мақсаты – әйел денсаулығын нығайтып, жастығын ұзарту. Батпақ мажыра, арыстанқұйрық, құлмақ – бұл композициядағы әр өсімдіктің дәрілік қасиеті бар, олардың бәрі бірге жиналғанда әйелдің ағзасына күшті қорған болады. «Донна Белла» шай шоғындағы ең айрықша гүл – төртжапырақты семізот, әйел ағзасындағы жыныстық орта ауруларын емдеп, алдын алуда теңдесі жоқ табиғи гормон. Бұл сусын эндокриндік жүйедегі мәселелерді жоюға септесіп, етеккір кезеңінің әртүрлі болуы немесе етеккір кезінде ауырсыну мәселелерін шешуге көмектесіп, тыныштандырады, ұйқыны жақсартады, инфекциялық ауруларға қарсы төзімділікті арттырады, климакс кезінде қызуды басады.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: көк шай, төртмүшелі семізот (тамыр), арыстанқұйрық (шөп), құлмақ (жеміс шоғыры), батпақ мажыра (тамырсабақ).

  • Көк шай – орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметін жандандырады, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады, шаршау мен күйзелісті басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін кешеуілдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырлардың жағдайын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады.
  • Қызыл щетка/Төртмүшелі семізот – жапырақтарының пішіні мен ерекше түсінің арқасында «қызыл щетка» деген атауға ие болған өсімдік, жер шарының тек қана бір бұрышында – Таулы Алтайда өседі. Әйел ағзасындағы жыныстық ортада туындайтын ауруларға әсер ету бойынша теңдесі жоқ табиғи гормон, иммунокүшейткіш әрі адаптоген. Бедеулікке, жыныстық салқындыққа, етеккір циклінің бұзылуына, аднекситке, климаксқа шалдыққанда, поликистоз, аналық жыныс безі іріңдеп іскенде, гипотиреоз, мастопатия және өзге де гормоналды ауытқулар орын алғанда қолданылады. Ақыл-ой және физикалық жұмыс қабілетін арттырады. Қанның құрамын жақсартады. 
  • Арыстанқұйрық – жүйке жүйесі мен жүрек-қан тамырлары жүйесіне тыныштандырғыш әсер етеді, жүректің жиырылу ырғағын баяулатып, күшін арттырады, артериялық қан қысымын төмендетеді. Асқынған жүйке қозғыштығы, жүйкенің бұзылуы, есірік, ипохондрия, жүрек-қан тамырлары неврозы, гипертония ауруының алғашқы сатыларында, кардиосклероз, стенокардия, климакс, невралгияға шалдыққанда қолдануға ұсынылады.
  • Құлмақ – бактерицидтік белсенділікке ие, жүйке тозғанда, невроз, ұйқысыздық, гастрит, қуық ауырып, қабынғанда, цистит, уретритке шалдыққанда, бүйрек, бүйрек түбегі, бауыр мен өт қабы ауырғанда тыныштандырғыш, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, несеп айдағыш, сергіткіш және тәбетті ашқыш әрекет етеді, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесін күшейтетін құрал ретінде пайдаланылады. 
  • Мажыра – өт шығару жолдарына жағымды әсер етіп, улануды басуға және жасушаларды жаңартуға септеседі, сергітеді. Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырсабақтарын асқазан ауруы, ас қорытудың бұзылуы, ревматизм, қан кету, тұмау, сүт безінің ауруы, қызылиек пен ауыз қуысы аурулары, невралгиялық аурулар, тромбофлебит, гипотония ауруларына шалдыққанда, зат алмасу бұзылғанда қолданылады.
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 20 минут тұндырыңыз (термоста – 12-15 минут)
  • Күніне 2-3 рет 1/2 стақаннан (100 мл) ішіңіз.
  • Бір реттік курс – 1–2 апта, үзіліс жасаған соң (3-5 күн) курсты қайталауға болады. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз