Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Antitox

Антиоксиданттық шай сусыны

Antitox шай сусынының құрамындағы қызылжидек жапырағы, гүлшетен мен тасшөп – өсімдік түріндегі күшті оксиданттар. Олар ағзадан зиянды заттардың тез шығарылуына септесіп, жалпы әлдендіргіш әрекет етеді. 

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
230 ₽

Адамдар күн сайын климаттық жағдайлар, автокөліктерден шығатын газдар, күннің аса белсенділігі секілді қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсеріне шалдығады. Сыртқы ортаның агрессиясы азғадағы бос радикалдар (тұрақсыз оттегі молекулалары) мөлшерінің артуына әкеліп соғады. Олар жасушалардың жарғақтарын бұзып, ауруларды қоздырады, қартаю процесін жеделдетеді. Антиоксиданттық заттар бос радикалдарды байланыстырып, тізбекті бұзу реакциясын үзеді де, адамды аурулардан қорғап, қартаюды баяулатады. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: көк шай, курил шайы (жапырақ), қызылжидек (жапырақ), жебіршөп (жапырақ), гүлшетен (жапырақ).

  • Көк шай – орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметін жандандырады, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады, шаршау мен күйзелісті басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін кешеуілдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырлардың жағдайын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады.
  • Курил шайы – радиоактивті заттарды сіңіріп, олардың ағзаға таралып кетпеуіне жол бермейтін қабілетінің арқасында радиациядан қорғайтын қасиеті бойынша оған тең келетін өнім жоқ. Микробқа қарсы, қақырық түсіретін, өт айдайтын, қан тоқтататын, уылдырғыш және антиоксиданттық қасиеттері бар.
  • Қызылжидек – қуық және несеп жолдары аурулары, несеп-тас ауруы, қышқылдығы төмен гастрит, артрит, тұз жиналу ауруларында несеп айдағыш және дезинфекциялық құрал ретінде пайдаланылады. Қабынуға қарсы және ауырсынуды басқыш әсер береді. Ежелден бері тұз алмасуды қалпына келтіретін құрал ретінде қолданылады. 
  • Жебіршөп/Тасшөп – антисептикалық қасиетке ие, асқазан секрециясын күшейтеді, асқазан-ішек жолының қысылуын басады, іштегі желдің шығуын жақсартады, ішек микрофлорасын тұрақтандырады. 
  • Гүлшетен – өт айдағыш және несеп айдағыш қасиеттері бар, ең үздік антиоксиданттардың бірі деп саналады. Тыныс алу мүшелері ауырғанда, жұтқыншақ пен көмей қабынғанда, салқын тигенді және бас ауырғанда, асқазан-ішек, жүрек-қантамыр және тері ауруларына шалдыққанда, гүлшетенді қолданса, пайдасы зор.
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Шай сусыны ретінде пайдаланыңыз.
  • Қалауыңызша қант, бал, лимон қосуға болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз