Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Cardelis

Жүрек пен қантамырлардың саулығын нығайтуға арналған шай сусыны

Cardelis шай сусыны қан қысымын қалыпқа келтіріп, көптеген аурулардың алдын алады. Емдік өсімдіктердің үйлесімді композициясы жүрек-қантамыр жүйесіне жағымды әсер етеді, жүректі сенімді қорғайды, қантамырлардың қабырғаларын нығайтады.

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Жүрек соғысы – өмірдің бастауы. Ағзамыздың басты моторының тиімді жұмыс істеуі – ұзақ әрі белсенді өмір сүрудің кепілі. Күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, ауру-сырқау – жүректің жұмысын бұзуы мүмкін себептердің санаулы бөлігі ғана. Оның салдары кез келген адамға мәлім – ауру, гипертония, қан тамырлары жолындағы қиындықтар. 

Cardelis шай сусыны қан қысымының тұрақталуына септесіп, көптеген аурулардың алдын алады. Емдік өсімдіктердің (долана мен қызылмия, қырмызыгүл мен арыстанқұйрық) үйлесімді композициясы жүрек-қантамыр жүйесіне жағымды әсер етеді. Қара жемісті шетен мен қызыл шетеннің үйлесуі сусынға керемет дәм беріп қана қоймай, жүректі қорғайды. Cardelis қан тамырларының қабырғаларын нығайтып, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл сусын дәстүрлі түрде шай ретінде пайдаланылатын өсімдіктерден әзірленген, жағымды жеміс иісі бар. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: қара жемісті шетен (жемістері), қырмызыгүл (гүлдері), арыстанқұйрық (шөп), қан-қызыл долана (гүлдері мен жемістері), каркаде (гүлдері), сібірлік шетен (жемістері), тікенді итмұрын (жемістері), қызылмия (тамыры).

  • Қара жемісті шетен – артериялық қысымның төмендеуіне, қантамырлардың қабырғаларын нығайтуға көмектеседі, атеросклероз, тиреотоксикоз, Р-дәрумен жетіспеушілігіне шалдыққанда жақсы профилактикалық құрал рөлін атқарады. 
  • Қырмызыгүл – орталық жүйке жүйесіне тыныштандырғыш әсер етеді. Рефлекстік сезгіштік пен артериялық қан қысымын төмендетеді, жүректің қызметін күшейтіп, жүрек ырғағын баяулатады. 
  • Арыстанқұйрық – жүйке жүйесі мен жүрек-қан тамырлары жүйесіне тыныштандырғыш әсер етеді, жүректің жиырылу ырғағын баяулатып, күшін арттырады, артериялық қан қысымын төмендетеді. Асқынған жүйке қозғыштығы, жүйкенің бұзылуы, есірік, ипохондрия, жүрек-қан тамырлары неврозы, гипертония ауруының алғашқы сатыларында, кардиосклероз, стенокардия, климакс, невралгияға шалдыққанда қолдануға ұсынылады.
  • Долана – жүрек-қан тамырлары жүйесіне жағымды әсер етеді. Құрамындағы компоненттер жүректің қантамырларын кеңейтіп, жүректегі қан айналымын ұлғайтып, жиілікті азайтып, жүректің жиырылу күшін арттырады. Долана артериялық қысымды төмендетіп, жүрек ырғағы бұзылғанда көмектеседі. 
  • Каркаде/Гибискус – холестерин мөлшерін азайтады, антиаллергиялық белсенділігі бар, алкогольдің уытты әсерінен қорғайды. Бұл сусынның салқын күйде қан қысымын төмендетіп, ыстық күйде көтеретіні анықталды. Гибискус құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер азғаны өмірлік күш-қуатпен байытып, тонусты қалпына келтіреді. 
  • Сібірлік шетен – құрамында айтарлықтай мөлшерде каротин бар полидәруменді құрал. Зат алмасуды тұрақтандыратын және қырқұлаққа қарсы құрал ретінде, тұз жиналғанда, ревматизм, артериялық гипертензия, атеросклероз, қант диабетіне шалдыққанда қолданылады.
  • Итмұрын – қайта қалпына келтіру қасиетіне ие, ақыл-ой және физикалық жұмыс қабілетін арттырып, негізгі алмасуды жеделдетеді. Антисклеротикалық құрал ретінде пайдаланылады. Адаптоген болып табылады, яғни ағзаның қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларына бейімдейді.
  • Жалаң мия/Қызылмия – қытай медицинасында ұзақ өмір сүруге жетелейтін, адамтамыр тәрізді әрекет ететін күшті сергіткіш құрал деп есептеледі, сондай-ақ ол көптеген дәрілердің, әсіресе, жүрек ауруларын, зат алмасудың бұзылуын және т.б. емдеуге арналған дәрілердің құрамына кіреді. Бұзылған минералдық алмасуды қалпына келтіреді, у қайтарғыш қасиеті бар. 
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Күніне 1-3 рет шай сусыны ретінде ішіңіз.

Ескерту: артериялық қан қысымы қалыпты немесе төмен болған жағдайда ішуге болмайды. 

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз