Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Liverpool

Бауырды тазартуға арналған шай сусыны

Liverpool шай сусыны бауырға, асқазан безіне және өт шығару жүйесіне кешенді әсер етеді. Тазартқыш әсерінің арқасында өттің іркілуін болдырмайды, ыдырау өнімдерін шығаруға септеседі, ағзаның күшті кешенді қорғалуын қамтамасыз етеді.

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бауыр – ағзаны тазартып, ақуыздар мен дәрумендерді синтездеп, ас қорыту жүйесінің қызметіне қатысып, энергетикалық процестерді реттейтін «фабрика». Ағзаның бұл мүшесінің барлық функцияларын санап айтып шығудың өзі қиын. Алайда қоршаған ортаның, инфекциялардың, дұрыс тамақтанбаудың, ішімдіктің, қозғалысы аз өмір салтының әсерінен бауырдың өзі қорғау мен қолдауға мұқтаж болып қалады. 

Бауырды мерзімді түрде тазартып тұрудың арқасында өттің іркілуіне жол берілмейді, жаңарту процесі іске қосылады, ыдырау өнімдері шығарылады, ағзаның сыртқы және ішкі агрессиядан кешенді түрде қорғалуы қамтамасыз етіледі. Дәл осы мәселелерді шешу үшін Liverpool фитошайы әзірленіп шығарылды. Ол бауырға, ұйқы безіне және өт шығару жүйесіне кешенді әсер етіп, аталған мүшелердің функцияларын оңтайландырып, аурулардың алдын алуға көмектеседі. Дәстүрлі түрде шай ретінде пайдаланылатын өсімдіктерден әзірленген бұл сусынның дәмі жағымды әрі татымды. 

Бауырға арналған Liverpool шай сусыны – кешенді өнім. Шөптердің оңтайлы әрекеті және оларды әзірлеу ұзақтығы мен жағдайын ескеретін болсақ, шайдың құрамы екі фазалы болып келеді. Қызыл таңбамен белгіленген қалташаларда қаңбақ сораң бар (оны кешке демдеп, түні бойы тұндырып қойып, таңертең аш қарынға ішеді). Ондай таңбасы жоқ қалташаларға фито-коллекция салынған, оны күні бойы шай сусыны ретінде іше беруге болады. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

1-ші құрам (жолағы жоқ қалташалар): көк шай, шоқсары (шөп), тікенгүл (шөп), бәден (дәндері).

2-ші құрам (қызғылт сары жолағы бар қалташалар): қаңбақ сораң (шөп).

Жолағы жоқ қалташалар

  • Көк шай – орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметін жандандырады, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады, шаршау мен күйзелісті басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін кешеуілдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырлардың жағдайын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады.
  • Володушка – өт айдағыш, сөл айдағыш, қабынуға қарсы, тамырларды күшейткіш, адаптогендік қызмет атқарады. Асқазан-ішек жолы мен өт жолдары қабынып ауырғанда қолданылады. Өт секрециясын 40-50%-ға арттырып, оның қасиеттерін жақсартады. Бауыр мен өт жолдары ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады. 
  • Тікенгүл – микробқа қарсы, қабынуға қарсы, сергіткіш, өт айдағыш, ауырсынуды басқыш, қан тоқтатқыш, уылдырғыш, ішек құрттарына қарсы, ісікке қарсы әрекет етеді. Бауырдың қызметін реттейді. 
  • Бәден – түйілуді басатын және секретолитикалық қасиетке ие. Ішектегі шіріткіш және ашытқыш процестерді бөгейді, іш қуысындағы мүшелердің қысылуын басады. 

Қызғылт сары жолағы бар қалташалар

  • Қаңбақ сораң – бауыр жасушаларын қорғап, оны және оның функцияларын қалпына келтіреді, дәрілік, экологиялық, алкогольдік және өзге де интоксикацияларды басады, ішімдікке құмарлықты басады. Гепатит, цирроз, алкогольге қатысты сырқат, абстиненттік синдром, ұйқы безі мен өт қабы ауруларына шалдыққанда қолдануға кеңес береміз. 

1-ші құрамды дайындау тәсілі

  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Күніне 2-3 рет ішіңіз.

2-ші құрамды дайындау тәсілі (қызғылт сары жолағы бар қалташа)

  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • Кешке демдеп, түні бойы тұндырып қойыңыз.
  • Таңертең аш қарынға, күніне 1 рет ішіңіз.

Ескерту: өт-тас ауруына шалдыққан жағдайда емдеуші дәрігермен кеңескен соң ғана ішуге болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз