Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Atlantea

Буындарды нығайтуға арналған шай сусыны

Буындарды нығайтуға арналған Atlantea шай сусынындағы шөптер композициясы зат алмасудың тұрақтануына көмектеседі, буын тіндерінде тұз жиналуын болдырмайды, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады. 

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
230 ₽

Иығына аспанды тіреп тұратын Атланттарды мифологиядан жақсы білеміз. Тіпті адам қаңқасындағы басты мойын омыртқа солардың атымен аталған. Шын мәнінде, біздің ағзамыздағы әр буын белгілі бір деңгейде «атлант» қызметін атқарады. Буындар сау болғанда ғана, қимыл-қозғалысымыз сергек болып, белсенді өмір салтын ұстана аламыз. 

Буындарға арналған Atlantea шай сусынының шөптер композициясы зат алмасуды тұрақтандырып, буындарда тұз жиналуын болдырмай, олардың қызметінің бұзылмауын қамтамасыз етеді, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады, ревматизм, омыртқа, тұз жиналу ауруларында қалпына келтіргіш әсер етеді. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: көк шай, батпақ мажыра (тамырсабақ), қызылжидек (жапырақ), жебіршөп (жапырақ), ащы жалбыз (жапырақ).

  • Көк шай – орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметін жандандырады, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады, шаршау мен күйзелісті басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін кешеуілдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырлардың жағдайын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады.
  • Қызылжидек – қуық және несеп жолдары аурулары, несеп-тас ауруы, қышқылдығы төмен гастрит, артрит, тұз жиналу ауруларында несеп айдағыш және дезинфекциялық құрал ретінде пайдаланылады. Қабынуға қарсы және ауырсынуды басқыш әсер береді. Ежелден бері тұз алмасуды қалпына келтіретін құрал ретінде қолданылады. 
  • Жебіршөп/Тасшөп – антисептикалық қасиетке ие, асқазан секрециясын күшейтеді, асқазан-ішек жолының қысылуын басады, іштегі желдің шығуын жақсартады, ішек микрофлорасын тұрақтандырады. 
  • Мажыра – өт шығару жолдарына жағымды әсер етіп, улануды басуға және жасушаларды жаңартуға септеседі, сергітеді. Ревматизм, невралгиялық аурулар, тромбофлебит, гипотония ауруларына шалдыққанда, зат алмасу бұзылғанда қолданылады.
  • Жалбыз – асқазан-ішек жолының моторикасы мен секрециясын тұрақтандырады, өттің пайда болып, ағып шығуына септеседі, қабынуға қарсы әсер етеді, жүйке-эмоционалдық шаршауды басады. Сусынға анық, татымды дәм береді. 
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Шай сусыны ретінде пайдаланыңыз.
  • Қалауыңызша қант, бал, лимон қосуға болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз