Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Green Gold

Жасартатын шай сусыны

Ағзаның ішкі мүшелерінің тазаруына септеседі, зат алмасуды жеделдетеді, физикалық және ақыл-ой белсенділігін арттырады, антиоксиданттық қасиеті бар. Осы шайды тұрақты түрде ішіп тұратын болса, тұмау мен салқын тиюден қорғап, әртүрлі созылмалы аурулардың алдын алады. 

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

Келесі өнімдер жинағына кіреді:
330 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Біз зымыраған уақытты тоқтата алмаймыз, бірақ қартаю процесін баяулатып, ағзаны оған күнделікті жағымсыз әсер ететін факторлардан қорғау қолымыздан келеді. Ондай факторлар: климаттық жағдай, күн белсенділігі, пайдаланылған газдар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары, электрмагниттік сәулелену. 

Green Gold шай сусынының құрамына айрықша өсімдіктер – табиғаттың «көк алтыны» кірген. Олар ағзаға жасартқыш әсер беріп, көңіл күйді көтереді. Қызылмия иммунитет пен ұзақ өмір сүрудің кепілі болса, курил шайы мен қызылжидек ағзадан зиянды заттарды шығарып, зат алмасу процестерін тұрақтандырады. Ал лимон мен зімбір шайға сергіткіш жұпар иіс пен қанық дәм сыйлайды. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: көк шай, курил шайы (жапырақ), қызылжидек (жапырақ), қызылмия (тамыры), лимон қабығы, зімбір (тамыры).

  • Көк шай – орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметін жандандырады, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады, шаршау мен күйзелісті басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін кешеуілдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырлардың жағдайын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады.
  • Курил шайы – радиоактивті заттарды сіңіріп, олардың ағзаға таралып кетпеуіне жол бермейтін қабілеті – радиациядан қорғайтын қасиеті бойынша оған тең келетін өнім жоқ. Микробқа қарсы, қақырық түсіретін, өт айдайтын, қан тоқтататын, уылдырғыш және антиоксиданттық қасиеттері бар. 
  • Қызылжидек – қуық және несеп жолдары аурулары, несеп-тас ауруы, қышқылдығы төмен гастрит, артрит, тұз жиналу ауруларында несеп айдағыш және дезинфекциялық құрал ретінде пайдаланылады. Қабынуға қарсы және ауырсынуды басқыш әсер береді. Ежелден бері тұз алмасуды қалпына келтіретін құрал ретінде қолданылады. 
  • Жалаң мия/Қызылмия – құрамында глицирризин қышқылы – бірегей биологиялық белсенділікке ие зат бар. Дәстүрлі қытай медицинасында жасарту құралдарының бірі ретінде қолданылады. Қабынуға және жараға қарсы, антиаллергиялық және антитоксиндік әсер етеді. 
  • Лимон – ағзаны шлактардан тазартып, асқазан-ішек жолының қызметін реттейді. Оның құрамында ағзадағы холестерин деңгейі 35-40%-ға азайтатын заттар бар, сондай-ақ атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуының алдын алады. Қабығындағы эфир майларының арқасында антидепрессант қызметін атқарады. Сусынға тартымды дәм береді.
  • Зімбір – ас қорытудың жақсаруына, әсіресе ақуыздардың сіңірілуіне септеседі, антиоксиданттық, қабынуға қарсы, микробқа қарсы, түйілуді басатын, жел айдайтын және құсуға қарсы әрекет етеді, қандағы холестерин мен қант мөлшерін азайтады, сондай-ақ алкогольдің зиянды әсерінен қорғайды. Ауамен жұғатын және тұмау ауруларымен ауырғанда көмектеседі, ағзаның жалпы тонусын арттырады. 
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Шай сусыны ретінде пайдаланыңыз.
  • Қалауыңызша қант, бал, лимон қосуға болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз