Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Valery

Тыныштандыратын шай сусыны

Күйзеліспен күресуде таптырмайтын құрал. Бұл шайда халық мединасында тыныштандырғыш заттар ретінде дәстүрлі түрде қолданылып келе жатқан шөптер керемет үйлесім тапқан. Valery фитошайы физикалық жай-күйді жақсартып, шаршау мен асқынқозуды басады, күш-қуатты қалпына келтіреді.

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Өмірімізде жиі кездесетін күйзелістер артына ізін қалдырмай кетпейді: күйзеліс адамның көңіл күйінен бөлек, оның физикалық жағдайына да әсер етеді. Созылмалы шаршаңқылық, ұйқының бұзылуы, бастың ауыруы, ашулану, аллергия – күйзеліс салдарының толық емес тізімі осындай. Ешқандай шара қолданылмаса, симптомдар жинала беріп, сырқатқа ұласуы мүмкін. 

Valery фитошайы – күйзеліспен күресудегі тамаша құрал. Оның құрамында халық медицинасында тыныштандырғыш құрал ретінде пайдаланылатын шөптер тиімді үйлескен. Шайдың атауы латынша «valery» сөзінен алынған, оның аудармасы «деннің сау болуы» дегенді білдіреді, әрі атауы сусынның қасиеттеріне толығымен сай келеді. Valery фитошайы физикалық хал-жағдайды жақсартып, шаршауды басады, күш-қуатты қалпына келтіреді. Шайдың құрамындағы шөптерді ұйқы қашқанда, сондай-ақ ас қорыту жүйесінде мәселе туындағанда қолданса, пайдасы зор.

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген жерде шай демдеп ішкісі келетін жандарға. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: дәрілік түймедақ (гүлдері), арыстанқұйрық (шөп), кәдімгі алма ағашы (жемістері), даршын (қабығы).

  • Арыстанқұйрық – жүйке жүйесі мен жүрек-қан тамырлары жүйесіне тыныштандырғыш әсер етеді, жүректің жиырылу ырғағын баяулатып, күшін арттырады, артериялық қан қысымын төмендетеді. Асқынған жүйке қозғыштығы, жүйкенің бұзылуы, есірік, ипохондрия, жүрек-қан тамырлары неврозы, гипертония ауруының алғашқы сатыларында, кардиосклероз, стенокардия, климакс, невралгияға шалдыққанда қолдануға ұсынылады.
  • Түймедақ – тыныштандырғыш әсер етеді, жүйке жүйесін қалпына келтіреді, бас ауруының басылуына, артериялық қан қысымының тұрақтануына, қан айналымының жақсаруына әсер етеді. Түймедақты пайдалану арқылы жүрек қызметін жандандырып, тыныс алуды тереңдетуге болады.
  • Алма – жүрек пен тамырлардың қалыпты қызметін күшейтуге, тәбетті жақсартуға көмектеседі, қаназдық профилактикасында қолдануға тиімді, жарақат, күйік және инфекциялық аурулардан дейін ағзаны емдеп-жазуға септеседі. 
  • Даршын – ас қорытуға, қан айналымы мен тыныс алуға жағдай жасайды, антисептикалық, фунгицидті және бактерицидті әсер береді. Ас қорытуды жақсарту үшін, асқазанның ауыруын басатын құрал ретінде, гастрит, тұмау және ревматизмдік ауруларға қолданылады. 
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Шай сусыны ретінде пайдаланыңыз.
  • Қалауыңызша қант, бал, лимон қосуға болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз