Старая версия сайта

Перейти
Fashion, Enerwood

Lux

Тазартқыш шай сусыны

Тазартқыш шай сусыны ішектен шлактарды шығарып, ағзаны кешенді тазартуға әсер етеді, асқазан-ішек жолының, бауырдың және өт шығару жолдарының жұмысын қалпына келтіреді. Lux фитошайы – салмақты түзететін кешенді бағдарламалардың айнымас көмекшісі. 

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

Келесі өнімдер жинағына кіреді:
330 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген шай демдеп ішкісі келетіндерге. 
  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесің.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: көк шай, сынғақ итшомырт (қабығы), піштен (жапырағы), алтыншыбық (шөп), қаңбақ сораң (шөп), жалаң мия (тамыры), зире (дәндері), лимон құмайы (шөп).

  • Зеленый чай – орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметін жандандырады, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады, шаршау мен күйзелісті басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін кешеуілдететін полифенолдар бар. терінің, тамырлардың жағдайын жақсартып, тромбылардың пайда болуының алдын алады. 
  • Сынғақ итшомырт – іш жүргізетін қасиеті бар. Халық медицинасында іш қату, геморрой, бауыр ісіге, қызу көтерілу, асқазан мен ішек ауруын жазуда қолданылады.
  • Піштен/Сана – іш қату, геморрой кезінде қолданылады. Құрамында шайырлы заттар аз болғандықтан, адамдар бұған төімді келеді әрі ішекке қоздырғыш әсер етпейді.
  • Алтын шыбық/Кәдімгі алтыншыбық – халық медицинасында нәсеп айдағыш құрал ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ, зәрдің құрамында ақуыз мөлшері көп болғанда, ісініп кеткенде, шеменмен ауырғанда, өт қабында тас болғанда, тұз жиналғанда, ревматизмге шалдыққанда пайдаланылады.
  • Қаңбақ сораң – қандағы холестерін деңгейін төмендетеді, зат алмасуды тұрақтандырады, дәрілік, экологиялық, алкогольдік және басқа да улануды, алкогольге деген әуестікті басады. Абстиненттік синдром, ұйқы безі мен өт қабының ауруларына шалдыққанда пайладануға кеңес береміз. 
  • Жалаң мия/Қызылмия – қабынуға және жараға қарсы, антиаллергиялық және антитоксиндік әсер етеді, асқазан-ішек жолының сілекейлі қабықшасының жағдайын жақсартады. Иммунитетті күшейтеді.
  • Зире – ішектің толқымалы жиырылуын тұрақтандырады, ашу және іш кебу процестерімен күреседі, ас қорыту бездерінің секреторлық функциясын күшейтеді, түйілуді басатын қасиеті бар.
  • Лимон құмайы – асқазан-ішек жолы аурулары, ангина мен тұмау ауруларымен ауырғанда қолданылады. Ас қорыту мен зат алмасудың жеделдеуіне атсалысады. Сусынға нәзік лимонды жұпар иіс сыйлайды. 
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйып, 15 минут тұндырып қойыңыз, термоста тұндырған жөн.
  • Күніне 2 рет ½ стақаннан (100   мл) тамаққа дейін немесе ұйықтар алдында 1 стақан (200   мл) ішу керек.
  • Бір реттік курс – 1–2 апта, үзіліс жасаған соң курсты қайталауға болады. 

Өнім құрамындағы жекелеген компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз