Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Fashion, Enerwood

Vodoley

Бүйректің саулығын күшейтуге арналған шай сусыны

Vodoley шай сусыны жалпы бүйрек пен зәр шығару жүйесінің саулығын күшейтуге арналған, тұз алмасуды тұрақтандырады, тастардың пайда болуының алдын алады, ағзадан зиянды заттарды шығарып, ішкі ортаның тазаруына септігін тигізеді. 

Таза салмағы: 90 г

Әрқайсысы 3 г-нан 30 қосарлы қалташа

Ресейде шығарылған

330 ₽
230 ₽

Көпшілік бүйректі суды сүзгіден өткізетін жүйе деп қабылдайды. Оның несі күрделі дерсіз? Алайда, егер адамның 80%-ы судан тұратынын ескеретін болсақ, бүйректің азғада атқаратын қызметінің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Бүйрек жұмысының тиімділігі ішкі ортаның тазалығын анықтайды, оның балансын сақтап, артериялық қысымның тұрақтылығын анықтайды. Бүйректер ағзадағы бар сұйықтықты өңдейтіндіктен, инфекция, токсиндер және өзге де зиянды әсерлерден бірінші болып жапа шегеді. 

Vodoley шай сусынының құрамындағы барлық компоненттер зәр шығару жүйесіне жағымды әсер етіп, ағзадан зиянды заттарды шығарып, тазартады. Көк шай мен алтыншыбық бүйректерді қорғап, тастардың пайда болуының алдын алатын актиоксиданттарға бай. Фенхель сусынға татымды, тәттілеу-ащы иіс берсе, кардамонның нәзік те күшті сарыны сусынның қайталанбас дәмін аша түседі. 

Кімдерге арналған?

  • Дәмді шай ішкенді ұнататындарға. 
  • Денсаулығын күтетін жандарға. 
  • Шайдың құрамына мән беретіндерге. 
  • Кез келген шай демдеп ішкісі келетіндерге. 

 

  • Үйреншікті шай дәмі – Enerwood Tea пайдалы фитокомпоненттермен толықтырылған сапалы қара және көк шайлардың негізінде жасалған. Олар өте дәмді, сондықтан әдетте дәріханадан алатын емдік шайларға қарағанда мұндай шайларды рахаттанып, сүйсініп ішесіз.
  • Айрықша рецептуралар – Enerwood Tea шайлар коллекциясы фитотерапия саласында көпжылдық тәжірибесі бар, биология ғылымдарының кандидаты – Владимир Романюктің басшылығымен әзірленген.
  • Тиімділігі дәлелденген – Enerwood Tea фитошайларының сапасы мен құрамындағы компоненттердің биологиялық белсенділігі РҒАСБ тәуелсіз сараптамасымен расталған.
  • Алтай шөптерінен жасалған – Enerwood Tea фитошайларының ингредиенттері Алтайдың экологиялық таза аймақтарында өсірілген. Өсімдіктер дәл биологиялық белсенділік уақытында, яғни пайдалы заттардың концентрациясы максималды деңгейге жеткенде жиналады.
  • Жоғары сапа – өндіріс барысында 1 маусымнан артық сақталмайтын таза, таңдаулы шикізат қана қолданылады. Компоненттердің бойындағы пайдасы сақталып қалу үшін, оларды дәл купаждау алдында ерекше жұмсақ тәсілмен ұнтақтайды. 
  • Дұрыс оралған орама – ашық күйде өсімдіктер бойындағы пайдалы қасиеттер тез жоғалады, ал саңылау қалдырылмай бітелген фольга орамасы өнімді ылғалдан, жарықтан, бөгде иістерден қорғап, шайдың белсенді компоненттерін, дәмі мен жұпар иісін сақтайды.

Құрамы: көк шай, алтыншыбық (шөп), фенхель (дәндері), кардамон (дәндері).

  • Көк шай – орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметін жандандырады, жұмысқа деген қабілеттілік пен белсенділікті арттырады, шаршау мен күйзелісті басады. Құрамында бос радикалдармен күресіп, қартаю процесін кешеуілдететін полифенолдар бар. Терінің, тамырлардың жағдайын жақсартып, тромб түзілуінің алдын алады. 
  • Алтын шыбық/Кәдімгі алтыншыбық – халық медицинасында несеп айдағыш құрал ретінде, сондай-ақ бүйрек пен қуықтағы тастарды еріту үшін қолданылады. Зәрде ақуыз мөлшері көп болғанда, шемен ауруымен ауырғанда, ісініп кеткенде пайдаланылады.
  • Фенхель – тәбетті ашады, ас қорытуды, ішекті босатуды жеделдетеді, сүт шығартады. Түйілуді басатын, қақырық шығаратын, несеп айдайтын қасиетке ие. Іш кепкенде, бүйрек-тас және өт-тас ауруына шалдыққанда қолданылады. 
  • Кардамон – асқазан сөлінің бөлінуін жеделдетіп, реттейді, тәбетті ашады, ас қорыту процестерін жақсартады, ауырсынуды басатын қасиеті бар, ағзаның жалпы тонусын арттыруға септігін тигізеді. 
  • Қосарлы шай қалташасын стақанға салып, үстіне қайнаған су (температурасы 80—90°С) құйыңыз.
  • 5 минуттан аса тұндырыңыз.
  • Шай сусыны ретінде пайдаланыңыз.
  • Қалауыңызша қант, бал, лимон қосуға болады.

Ескерту: несеп-тас ауруына шалдыққан жағдайда емдеуші дәрігермен кеңескен соң ғана ішуге болады.

Өнім құрамындағы кей компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз